Жаңалықтар

Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне арналған концерт

07.03.2019

Бүгін Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Халықаралық қатынастар факультетінің «Халықаралық құқық» мамандығының студенттері біздің факультетіміздің әйелдер қауымына арналған концерт ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар түрлі елдер мен мәдениеттер арасындағы көпір ретінде

23.02.2019

2019 жылдың 23 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің базасында дипломатиялық аударма кафедрасы Канада, Франция және Швейцариядан келген шетелдік профессорлардың қатысуымен «Шет тілдерін оқытудың заманауи әдістері және аударма» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Семинарға республиканың ЖОО мен колледждерінің 80-нен астам шет тілі мұғалімдері қатысты. Семинардың жұмыс тілдері ағылшын және француз тілдері болды. Женева университетінің профессоры А. Аккари екі тілде онлайн семинар өткізді. Оқытушы Халид Фатес (Франция), француз мұғалімдеріне «Арнайы мақсаттар үшін француздарды оқыту» тақырыбында семинар өткізді. Лейкед университетінің (Канада) профессоры Сэт Агбо «ХХІ ғасырдағы шет тілдерін оқытудың заманауи әдістері» тақырыбында семинар өткізді. Женева университетінің профессоры А.Аккаримен онлайн-конференция өте қызықты болды, Ол профессорлар арасындағы пікірталасқа серпін берді, ал семинарға қатысушылар сұрақтарға белсенді түрде жауап берді. Жалпы, семинар қызықты әрі пайдалы болды. Семинарға қатысушылар өз тараптарынан оң пікірлер айтып, ұсыныстар жасады.

Ары қарай оқу >>

Франция профессорының ҚазҰУ-ға келуі

14.02.2019

2019 жылдың 14 ақпанында дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі Сейдикенова Алмаш Смайылқызының бастамасымен Пуатье университетінің (Франция) профессоры Лича Бажинимен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дың халықаралық қатынастар факультетінде кездесу болды. ХҚ факультетінің деканы С.Ж. Айдарбаев кіріспе сөз сөйлеп, презентацияға сәттілік тіледі. Өз кезегінде профессор Лича Бажини өз презентациясында білім алу бағдарламалары және жаздық мектеп туралы ақпарат берді. Студенттер презентация кезінде Франциядағы студенттердің өмірі, оқудың талаптары, оқу құны, жол құны туралы белсенді сұрақ қойып, қажетті ақпараттар алды. Бұл кездесу барлығымызға қызықты және пайдалы болды.

Ары қарай оқу >>

Фотокөрме

25.01.2019

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде «Барлығы Шығыс туралы. ГДР-дағы өмір»(„Voll der Osten. Leben in der DDR Eine Fotoausstellung von Harald Hauswald mit Texten von Stefan Wolle“ /“Totally East. Life in East Germany”) фотокөрмесінің ресми ашылуы болды.

Ары қарай оқу >>

Профессор Ж.О. Ибрашевты еске алу

11.01.2019

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде профессор Жарас Умарович Ибрашевті еске алуына арналған «Қазақстан Республикасының жаһандық интеграциялық процестерге мүдделерін дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Факультетаралық спартакиада

11.01.2019

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 47-ші дәстүрлі факультетаралық «Денсаулық» спартакиадасы өтті.

Спартакиадада университет қызметкерлері спорттық жетістіктерімен жарысқа түсті. Қатысуға 20 команда тапсырыс берді.  Жалпыға ортақ есеп бойынша ХҚФ 4-орынды алды.


Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі, профессор А.С. Сейдикенова Женева университетінде (Швейцария) дәріс оқып қайтты.

18.12.2018

2018 жылдың 8 - 17 желтоқсан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі, Фрибург университетінің (Швейцария) пост-докторанты (2012-2014) профессор Сейдикенова Алмаш Смайылқызы Женева университетінің (Швейцария) арнайы шақыртуымен “Білім беру және психология” факультетінің докторанттары мен магистранттарына дәріс оқыды және профессорлық-оқытушы құрамына “Болон процесін қабылдағаннан кейінгі Қазақстанның білім беру жүйесі: жетістіктері мен кемшіліктері” тақырыбында көпшілік конференция өткізді.

Сондай-ақ аталған факультеттің профессоры Абделжалил Аккаримен бірлескен жоба бойынша жұмыс жасады. Женева университеті дүние жүзіндегі үздік университеттер қатарына кіреді. QS World Universities Rankings бойынша 108-орында.

Профессор Сейдикенова Алмаш Смайылқызы осы іссапарында Женева университетінің басқа да факультеттерінің профессорларымен кездесіп, байланыс орнатты. 77 жылдық тарихы бар мамандандырылған арнайы ілеспе аудармашылар даярлайтын “Ауызша және жазбаша аударма” факультетінің халықаралық қатынастарға жауапты, профессоры Оливье Демисси-Казеймен кездесті (Dr. Olivier Demissy-Cazeilles).

Профессор А.С. Сейдикенованың Женева университетінде өткізген дәрістері шетелдік әріптестері тарапынан жоғары бағаланып, 2019- жылдың маусым айында магистранттар мен докторанттарға тағы да дәріс оқуға шақырту алып отыр. Іс сапар соңында Женева университетінде дәріс оқығанын растайтын арнайы сертификатқа ие болды.

Ары қарай оқу >>