Франция профессорының ҚазҰУ-ға келуі

14.02.2019

Көрулер: 1768

2019 жылдың 14 ақпанында дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі Сейдикенова Алмаш Смайылқызының бастамасымен Пуатье университетінің (Франция) профессоры Лича Бажинимен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дың халықаралық қатынастар факультетінде кездесу болды. ХҚ факультетінің деканы С.Ж. Айдарбаев кіріспе сөз сөйлеп, презентацияға сәттілік тіледі. Өз кезегінде профессор Лича Бажини өз презентациясында білім алу бағдарламалары және жаздық мектеп туралы ақпарат берді. Студенттер презентация кезінде Франциядағы студенттердің өмірі, оқудың талаптары, оқу құны, жол құны туралы белсенді сұрақ қойып, қажетті ақпараттар алды. Бұл кездесу барлығымызға қызықты және пайдалы болды.