Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі, профессор А.С. Сейдикенова Женева университетінде (Швейцария) дәріс оқып қайтты.

18.12.2018

Көрулер: 2059

2018 жылдың 8 - 17 желтоқсан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі, Фрибург университетінің (Швейцария) пост-докторанты (2012-2014) профессор Сейдикенова Алмаш Смайылқызы Женева университетінің (Швейцария) арнайы шақыртуымен “Білім беру және психология” факультетінің докторанттары мен магистранттарына дәріс оқыды және профессорлық-оқытушы құрамына “Болон процесін қабылдағаннан кейінгі Қазақстанның білім беру жүйесі: жетістіктері мен кемшіліктері” тақырыбында көпшілік конференция өткізді.

Сондай-ақ аталған факультеттің профессоры Абделжалил Аккаримен бірлескен жоба бойынша жұмыс жасады. Женева университеті дүние жүзіндегі үздік университеттер қатарына кіреді. QS World Universities Rankings бойынша 108-орында.

Профессор Сейдикенова Алмаш Смайылқызы осы іссапарында Женева университетінің басқа да факультеттерінің профессорларымен кездесіп, байланыс орнатты. 77 жылдық тарихы бар мамандандырылған арнайы ілеспе аудармашылар даярлайтын “Ауызша және жазбаша аударма” факультетінің халықаралық қатынастарға жауапты, профессоры Оливье Демисси-Казеймен кездесті (Dr. Olivier Demissy-Cazeilles).

Профессор А.С. Сейдикенованың Женева университетінде өткізген дәрістері шетелдік әріптестері тарапынан жоғары бағаланып, 2019- жылдың маусым айында магистранттар мен докторанттарға тағы да дәріс оқуға шақырту алып отыр. Іс сапар соңында Женева университетінде дәріс оқығанын растайтын арнайы сертификатқа ие болды.