Жаңалықтар

Көктем мейрамы Наурызды тойлау

17.04.2019

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Наурыз мейрамын тойлау әрқашан ең жарқын және жақсы естеліктер қалдырады. Бұл жаңару мен бірліктің ерекше мерекесі. Көктем әр үйге бейбітшілік, бақыт пен гүлденуді әкелсін.

Ары қарай оқу >>

Студенттер мен жас ғалымдардың арасындағы «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференция

15.04.2019

Халықаралық Қатынастар Факультетінде жыл сайын өтетін студенттер мен жас ғалымдардың арасындағы «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Дипломатиялық аударма кафедрасының оқытушысы Уалиханұлы Абылайханның жетекшілігімен бастаған Әлемдік экономика-81 мамандығының студенттері Юсупов Өткірбек және Ізтілеу Ақмарал «БҰҰ тілдері» және «Аударма мен Мәдениетаралық қарым-қатынастың өзекті мәселелері» секцияларына қатысып 2 және 3 орын иегерлері атанды.

Ары қарай оқу >>

«Әл-Фараби» Республикалық олимпиадасының III кезеңі

15.04.2019

2019 жылдың 3-9 сәуірінде Әл-Фараби кітапханасында «Әл-Фараби» республикалық олимпиадасының III кезеңі аяқталды. Олимпиаданың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ болды. Неміс және француз тілдерінде тест тапсырмаларын әзірлеушілер және қазылар алқасының мүшелері Халықаралық Қатынастар Факультетінің Дипломатиялық аударма кафедрасының оқытушылары Л.М.Котиева, Р.А.Маткеримова Г.О.Мухаметкалиева болды.

Ары қарай оқу >>

ҚР X жазғы универсиадасы

11.04.2019

11 сәуір 2019 жылы ҚазҰУ-да ҚР X жазғы универсиадасы өтті. Универсиадада халықаралық қатынастар факультетінің 3-курс студенті Пахридинов Серік таеквондо спорт түрінен 1-орынды иеленді. 

Ары қарай оқу >>

"ДСҰ шеңберіндегі дауларды шешу" тақырыбында дөңгелек үстел"

10.04.2019

10 сәуір 2019 жылы заңи сұрақтар бойынша #Делойт компаниясының кеңесшілері Максим Баженов пен Алиби Ақылас ҚазҰУ Халықаралық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер мен жас ғалымдардың VI Халықаралық ғылыми конференциясына қатысты.

Ары қарай оқу >>

5-6 сәуір 2019ж. «Әл-Фарабидің аударма әлемі және шет тілдерін меңгеру аспектісіндегі мәдениетаралық зерттеулердің трансформациясы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы

06.04.2019

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультеті, Дипломатиялық аударма кафедрасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 5-6 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да   «VI Халықаралық Фараби оқулары» аясында «Әл-Фарабидің аударма әлемі және шет тілдерін меңгеру аспектісіндегі мәдениетаралық зерттеулердің трансформациясы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті.

Конференцияға ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Италия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі, шетелдік Франция, Швейцария, Италия Канада, Ұлыбритания, Ресей, Оңтүстік Корея, Польша және қазақстандық Сүлеймен Демирел университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғалымдары, сондай-ақ, Қазақ ұлттық университетінің профессорлары, докторанттары мен магистранттары қатысты.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын, француз және орыс тілі болды. Кез келген тілдегі баяндама қажетті шет тіліне, орыс, қазақ тіліне аударма жасалды.

Конференцияның ашылу салтанатында ҚазҰУ ректоры Ғ.М.Мұтановтың атынан проректор Рамазанов Т.С. кіріспе сөз сөйледі. ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі басшысы Р.И.Бөлтіріков, Италияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Паскуаль Д'Авино, Француз Республикасының Қазақстандағы елшілігінің Университеттік ынтымақтастық   жөніндегі атташесі Жиль Маметц сөз сөйледі. Пленарлық отырыстың жұмысы барысында Женева (Швейцария) Университетінің профессоры   Абдельжалил Аккаридің, «Мәдени алуантүрлілік және халықаралық білім беру», Санкт-Петербург Университеті Жоғары аударма мектебінің директоры, профессор (Ресей), И.Алексееваның «Халықаралық ілеспе аудармашыларды даярлау жүйесі», ҚазҰПУ профессоры Т.Т.Аяпованың «Қазақстандағы көп тілді білім беру мәселесі», Бирмингем университетінің профессоры (Англия) Маркус Перлманның баяндамалары тыңдалды. Әр спикер семинарлар мен мастер-класстар өткізді. Баяндамалар конференцияға қатысушылар үшін өте қызықты болды. Өз тараптарынан баяндамашыларға сұрақтар қойып, пікірлерін айтты.

Ұсынылған баяндамаларда шет тілін үйретудегі ана тілінің, жас ерекшелігінің рөлі, көпмәдениетті қоғамда көптілді білім беру жүйесі, аудармашыларды даярлауда кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдары, қажетті мәдениетаралық қарым-қатынас құзіреттіліктері және шетел тілі мен аударманы үйретуде қолданылатын инновациялық технологиялардың тәжірибелік маңызы көрініс тапты.

Конференция өз мақсатына жетті деп айтуға болады. басқа конференциялардан айырмашылығы көптілде теңдей қатынас жасалып, аударма жасалып, қатысушылардың көңілінен шықты.

QS World Universities Rankings бойынша 85- орындағы Бирмингем университетінің профессоры Маркус Перлман, 105-орындағы Женева университетінің профессоры А.Аккаридің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен бұдан әрі қарым-қатынасты жақсартуға деген ниеті біздің университетіміз үшін үлкен мәртебе. Сондай-ақ шетелдік елшілер мен ҚР Сыртқы істер Министрлігі өкілдерінің қолдау көрсетуге дайын екені, мұндай конференцялар ел мен елдің, мәдениеттердің арасында көпір салуға себепші болатынына тағы да көзімізді жеткізді.

Ары қарай оқу >>

Ең үздік студенттік топ-2019

28.03.2019

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде жыл сайын өтетін “Ең үздік студенттік топ-2019” байқауына Халықаралық қатынастар факультетінің атынан куратор-эдвайзер Уалиханұлы Абылайханның Әлемдік экономика-81тобы байқаудың жартылай финалына өтті. Ең үздік студенттік топ жобасы – Сұңқар студенттер мен магистранттар кәсіподағының ынтымақты дәріптеп, студент – жастардың дамуына мүмкіндік туғызатын, көшбасшылар тәрбиелеп, ел дамуының даңғыл жолын айқындауға үлес қосатын теңдессіз жобалардың бірі. Байқаудың ширек финалында жарысқа қатысып жатқан әр факультет “Талайға арман болған, талайды қанат қақтырған ҚазҰУ” атты видео байқауында әр факультет өздерінің 5 минуттық видеоларын көрсетті.

Ары қарай оқу >>

Женева университетінің (Швейцария) профессоры А. Аккари ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінде дәріс оқуда

26.03.2019

Женева университетінің (Швейцария) профессоры А. Аккари ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінде дәріс оқуда

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасы Женева университетінің профессоры А. Аккариді магистранттар мен докторанттарға дәріс беруге және оқытушы-профессорлар құрамына семинар жүргізуге шақырды. Женева университеті QS World Universities Ranking бойынша 105-орында. Профессор А.Аккари бірінші проректор М.М. Бүркітбаевпен кездесіп, алдағы ынтымақтастық туралы жоспарлармен бөлісті. Сондай-ақ профессор А.Аккари «Мәдени әртүрлілік және халықаралық білім беру», «Әлемнің азаматы және Білім берудің сапасы», «Көптілді білім беру», «халықаралық ұйымдардың рөлі» тақырыбында факультет студенттеріне, магистранттарына дәріс оқыды. Факультет оқытушыларына «Халықаралық ұйымдардың қызметі және халықаралық білім беру» тақырыбында, филология және педагогика факультеттерінің студенттері мен оқытушыларына «Тілдік саясат, мәдени әртүрлілік және көптілді білім беру» туралы ашық дәріс оқыды. Профессор А.Аккаридің әрбір дәрісі тыңдаушылар үшін қызықты болды. Өзара пікір алмасулар болды. Шетелдік профессорлардың тәжірибесінен әлі де үйренеріміз көп екеніне куә болдық.

Ары қарай оқу >>

Қайырымдылық жәрмеңкесі

18.03.2019

2019 жылы 18 наурызда А.Б. Отарбаеваның ұйымдастыруымен МП - 70 тобы қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Іс-шара мақсаты жиналған қаржыны қаржыға мұқтаж көп балалы отбасына беру. Студенттер тұтынушыларға өздері пісірген тағамдарды ұсынды. Факультет студенттері мен оқытушылары ерекше белсенділік танытып, ұсылыған тағамдарды тез арада сатып алды. Қайырымды шараға атсалысқан жандардың барлығына ризашылығымызды білдіреміз!

Ары қарай оқу >>