Женева университетінің (Швейцария) профессоры А. Аккари ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінде дәріс оқуда

26.03.2019

Көрулер: 2129

Женева университетінің (Швейцария) профессоры А. Аккари ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінде дәріс оқуда

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасы Женева университетінің профессоры А. Аккариді магистранттар мен докторанттарға дәріс беруге және оқытушы-профессорлар құрамына семинар жүргізуге шақырды. Женева университеті QS World Universities Ranking бойынша 105-орында. Профессор А.Аккари бірінші проректор М.М. Бүркітбаевпен кездесіп, алдағы ынтымақтастық туралы жоспарлармен бөлісті. Сондай-ақ профессор А.Аккари «Мәдени әртүрлілік және халықаралық білім беру», «Әлемнің азаматы және Білім берудің сапасы», «Көптілді білім беру», «халықаралық ұйымдардың рөлі» тақырыбында факультет студенттеріне, магистранттарына дәріс оқыды. Факультет оқытушыларына «Халықаралық ұйымдардың қызметі және халықаралық білім беру» тақырыбында, филология және педагогика факультеттерінің студенттері мен оқытушыларына «Тілдік саясат, мәдени әртүрлілік және көптілді білім беру» туралы ашық дәріс оқыды. Профессор А.Аккаридің әрбір дәрісі тыңдаушылар үшін қызықты болды. Өзара пікір алмасулар болды. Шетелдік профессорлардың тәжірибесінен әлі де үйренеріміз көп екеніне куә болдық.