Жаңалықтар

Корпоративтік құқықтағы редомициляция

11.10.2024

 

17 ТДМ қолдану барысында 2024 жылғы 11 қазанда "Корпоративтік құқықтағы редомициляция" тақырыбында дәріс өтті. Спикер ретінде RSP International Uzbekistan бас директоры, Халықаралық құқық мамандығының 2018 жылғы түлегі Виктория Слета сөз сөйледі.
Дәріс студенттердің корпоративтік құқық саласында үлкен қызығушылығын тудырды. Виктория компаниялардың редомицилляциясы саласындағы білімі мен тәжірибесімен бөлісті, заңнаманың нюанстары мен процестің практикалық аспектілері туралы айтты.
Сонымен қатар, біздің қонағымыз өзін-өзі дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Құқықтану саласында мансап құру бойынша құнды кеңестер берді.Викторияға шабыттандыратын дәріс пен құнды ұсыныстар үшін алғыс айтамыз! 

Ары қарай оқу >>

ТДМ 6 Таза Су және санитария

05.10.2024

2024 жылдың 5 қазанында халықаралық қатынастар факультетінде ғимараттың іргелес аумақтарын тазарту бойынша сенбілік өтті. Іс-шара Тұрақты Даму Мақсаттарын іске асыру мақсатында өткізілді (ТДМ 3 Денсаулық және әл-ауқат, ТДМ 6 Таза Су және санитария).

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық құқық кафедрасының доценті Самалдыков Мақсұт Кошекұлының 70 жылдық мерейтойы аталып өтті!

16.01.2024

2024 жылдың 16 қаңтарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық құқық кафедрасы доцент Самалдыков Мақсұт Кошекұлының 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Шараға халықаралық қатынастар факультетінің деканы, профессорлық-оқытушылар құрамы, сонымен қатар студенттер қатысты.

Іс-шара барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ж.Қ.Түймебаевтың атынан халықаралық қатынастар факультетінің деканы Деловарова Лейла Федоровна Самалдыков Мақсұт Кошекұлына «Ерен еңбегі үшін» медалін және Алғыс хат табыс етті. Мерейтой қаһарманына көптеген жылы лебіздер айтылып, әріптестер М.Қ. Самалдыковтың халықаралық құқық және құқықтану саласында жас мамандарды даярлаудағы елеулі ғылыми және кәсіби үлесін атап өтті.

Халықаралық құқық кафедрасы Самалдыков Мақсұт Кошекұлына зор денсаулық, бақыт және кәсіби қызметінде табыс тілейді.

Ары қарай оқу >>