Студенттер жеңіспен оралды
10.04.2019Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен пәндік олимпиадада «Философия» мамандығының студенттері 1 отынды иеленді
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен пәндік олимпиадада «Философия» мамандығының студенттері 1 отынды иеленді
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Философия және саясаттану факультетіндегі студенттердің ғылыми қоғамының ұйымдастыруымен өткен «Project X» жобасында философия кафедрасының 1 курс студенттері І орынға ие болды.
«Әл-Фараби және қазіргі заман» VI халықаралық Фараби форум аясында «Ұлы Даланың жеті қыры: философиялық талдау» Республикалық философиялық эссе байқауы өтті.
Студенттер мен жас ғалымдардың«Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясында философия мамандығының 1 курс студенті Каримов Дамирдің ғылыми жобасы үздік жоба деп танылып, І орынға ие болды.
2019 жылы 2 сәуірде ҚазҰУ-нің ғылыми кітапханасында «Әл-Фараби және Қазіргі Заман» Халықаралық Фараби форумының «Ұлы Даланың Ұлы Ойшылдары» атты 1 секция мәжілісінде Кастамону университетінің проректоры, профессор Али Рафет Озкан «Батыстағы заманауи исламофобия» тақырыбында баяндама жасады.
2019 жылдың 2 сәуірінде Қазақ Ұлттық университетінде VI Халықаралық Фараби Оқулары аясында «Әл-Фараби және Қазіргі Заман» атты Халықаралық Фараби Форумының ашылу салтанаты болды. Ашылу салтанатына «Дінтану» мамандығының 2 курс PhD докторанты Ф.Б. Камалова мен оның шетелдік ғылыми жетекшісі Кастамону (Түркия) университетінің проректоры, профессор Али Рафет Озкан қатысты.
2019 жылдың 2 сәуірінде ҚазҰУ-нің ғылыми кітапханасында «Әл-Фараби және қазіргі заман» атты VI Халықаралық Фараби форум аясында «Заманауи Қазақстандағы дінтану: ғылым және білім интеграциясы» тақырыбында пікір-сайыс алаңы өтті. Пікір-сайыс алаңының бағдарламасына сәйкес «Дінтану» мамандығының 2 курс PhD докторанты Камалова Ф.Б. «Қазақстанның киелі жерлері: дінтанулық талдау» тақырыбында баяндама оқыды.
2019 жылы 1 сәуірде Қазақ ұлттық университеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасында Алматы облысының Іле ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының мамандарымен кездесу өткізілді.
Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Н.С. Әлтаеваның ұйымдастыруымен кафедра оқытушы профессорлық құрамы және «Дінтану» мамандығының 3 курс студенттері «Тәні саудың жаны сау» жобасы аясында наурыз айының 29 күні Көлсай мен Қайыңды көлдеріне экскурсия жасады.
2019 жылдың 11 наурызда Алматы мемлекеттік колледжінде «Қазақстан - зайырлы мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінің профессоры Бишманов Какимжан Муратжанұлы, Алматы көпсалалы колледжінің директоры