Кездесу

01.04.2019

Көрулер: 2083

Кездесу мақсаты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету саясатына сай жүргізілетін жоспарлы іс-шаралар аясында студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Алғашқы болып сөз алған дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы дінтанушы және исламтанушы мамандардың бүгінгі таңда сұранысқа ие екендігіне назар аударып, Іле ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының маманы Есетов Жәнібекке сөз берді. Өз кезегінде, Есетов Жәнібек студенттерді жұмыспен қамту орталығының жастар практикасы бойынша мүмкіндіктерімен таныстырды. Жастар практикасы білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін ұйымдастырылатыны, 29 жастан аспаған жұмыссыздар оқуды аяқтағаннан кейінгі 3 жыл ішінде жіберілетіні айтылды. Сондай-ақ жастар практикасының ұзақтығы 6 айға дейін жалғасып, жас мамандар ай сайын еңбекақыларын алатындығы туралы ақпарат берілді. Қозғалған тақырып қызығушылық тудырып, студенттер өз сұрақтарын қойып, өздеріне керекті мәліметтер алды.

Кездесу соңында сөз алған іс-шараны ұйымдастырушы-оқытушылар Утебаева Динара және Қаңтарбаева Жанна бұл іс-шараның тек бітіруші түлектерге ғана емес, барлық студенттерге пайдалы болғандығын айтып, Алматы облысының Іле ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының мамандарына өз ризашылықтарын білдірді.