Дінаралық келісім тұрақты қоғамның негізі
15.11.201915 қараша 2019 жылы Халықаралық толеранттық күніне арналған «Дінаралық келісім тұрақты қоғамның негізі» тақырыбында 1 және 4 курс дінтанушылармен ашық кураторлық сағат өткізілді.
15 қараша 2019 жылы Халықаралық толеранттық күніне арналған «Дінаралық келісім тұрақты қоғамның негізі» тақырыбында 1 және 4 курс дінтанушылармен ашық кураторлық сағат өткізілді.
8 қараша 2019 ж. № 9 Студенттер үйінде тұратын Философия және саясаттану факультетінің студенттерімен «Жастар СПИД-ке қарсы» тақырыбында ақпараттық-танымдық шара өткізілді.
Ұйымдастырушы: дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Қаңтарбаева Ж.У.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті корпусында 2019 жылдың 29 қазанда ҚР ӘМ Алматы қаласы бойынша Сот сараптамасы Институтының Бас сарапшысы Мусина Динара Райхановнамен кездесу өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 24-қазан күні Civilizations Exchange and Cooperation Foundation, USA (Өркениет алмасу және ынтымақтастық қоры, АҚШ) негізін қалаушы және Президенті Имам Мохамад Башар Арафатпен кездесу өтті.
«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында, дінтану және мәдениеттану кафедрасының халықаралық этномәдениет бағыты бойынша «Қазақ мәдениеті» атты іс-шарасы өткізілді. Бұл іс-шара Болгария елінің астанасы София қаласында өткізілді. Іс-шараның мақсаты Болгария еліне қазақ мәдениеті мен дәстүрін таныстыру. Қазақтың ұлттық киімдері, салт-дәстүрлері мен дінін, мәдениетіне Болгария қызығушылық танытты.
«Тәні саудың - жаны сау» жобасы аясында, дінтану және мәдениеттану кафедрасының халықаралық деңгейдегі, Болгариялық «Атлетик» фитнес кешенімен бірлескен спорттық акциясы өткізілді. Бұл акцияның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Акция бір айға созылды. "Атлетик" фитнес спорттық кешеніне бір айлық абонементті, 30 леваға алу мүмкіндігі берілді. Акцияға София қаласының тұрғындары белсене ат салысты.
«100 кітап» жобасы аясында, дінтану және мәдениеттану кафедрасының халықаралық «Әлем әдебиеті» атты Болгария еліндегі іс-шара өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты әлем әдебиеті, қазақ әдебиеті мен болгар әдебиеттері туралы ой қозғау.
2019 жылдың 3-5 қазан аралығында "Дінтану" мамандығының 2 курс докторанты Есекеева Эмина Қазақстан Халық Ассамблеясының халықаралық мәдениеттанулық жобасы аясында "Жібек жолындағы сұхбаттар" - " Жанғыру. Орта Азия халықтарының тарихи және заманауи тәжірибесі" атты Тараз қаласында өтілген жыл сайынғы іс-шараға қатысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, дінтану және мәдениеттану кафедрасының (https://www.kaznu.kz/en/10844/page/) аға оқытушысы Әлжанова Нұрлыхан және PhD докторант Амина Есекеева Радбауд университетінде (Нидерланды) Erasmus+ бағдарламасы аясында «Академиялық хат машықтарын жетілдіру» жазғы мектеп курсын 2019 ж.
26 қыркүйек 2019 жылы 1 курс дінтану мамандығының студенттерінің қатысуымен «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің ар-намыс кодексін» талқылауға бағытталған шара ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушы: «Дінтану» мамандығының 1 курс студенттері куратор-эдвайзер Ж.У. Қаңтарбаева