Кибернометр туралы ашық ғылыми-әдіснамалық семинар Финляндиядан келген шетелдік зерттеушілердің қатысуымен
26.09.20242024 жылдың 26 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасында Қазақстанның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ 4 – Сапалы білім беру, ТДМ 17 - Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік) жүзеге асыру аясында кафедра мен факультет магистранттары, докторанттары мен оқытушылары үшін "Кибертехнологиялардың әдіснамалық негіздері, әлеуметтік-психологиялық зерттеулер мен өзара әрекеттестік тәжірибесіндегі Ламбер-Обозов-Белолы кибернометр модельдері" тақырыбында ғылыми-әдіснамалық семинар өтті.






