Алматы қаласы заң консультанттары палатасы төрағасының заң факультетінің студенттерімен кездесуі

27.02.2023

Көрулер: 639

 

 


  • 2023 жылы 28 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Алматы қаласы заң кеңесшілерінің төрағасы Г. А. Бердібекова мен 1 курс студенттерінің «Қазақстан Республикасындағы Парламент сайлауы. Студенттерді сайлау мәселлері бойынша ақпараттанлыру» тақырыбында кездесу өтті.Бұл кездесудің ұйымдастырушылары мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушылары Баймаханова Д.М. және Құсайынова Д.О.Гүлнар Әуелбекқызы сайлау заңнамасындағы жаңалықтар туралы презентациямен студенттер алдында сөз сөйледі.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылдың 19 наурыз күні өтеді. Елімізде тіркелген жеті саяси партияның барлығына сайлауға қатысуға рұқсат берілген. 7-ші шақырылымдағы Мәжілісті тарату және сайлауды тағайындау туралы құжатқа Парламенттің қос палатасының спикерлерімен және Премьер-Министрмен кеңескеннен кейін қол қойылды. Студенттер сайлауды өткізу тәртібімен, сайлау комиссияларының жүйесімен, олардың өкілеттіктерімен таныстырылды. 2022 жылдың маусым айында Конституцияға енгізілген жаңалықтар тұралы да сөз қозғалды. Сондай-ақ студенттер сайлауда дауыс беру тәртібімен, дауыс беру орны мен уақытымен танысты.



Тағы бір айта кететін жәйт, референдум қорытындысы бойынша Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістерден кейін Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім бойынша, 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады.

Сондай-ақ, аралас сайлау жүйесі бойынша 50-ден 50-ге дейінгі арақатынаста облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына сайлау өтеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжіліс депутаттарын сайлау құқығын алып тастауына байланысты , Парламенттің төменгі палатасы депутаттарының саны 98-ге дейін қысқартылды.

 

2022 жылғы қарашада өткен Президенттік сайлауда күшіне енген тағы бір жаңалық – бюллетеньдерге «бәріне қарсы» сызық жолы қайтарылуы.

Кездесу соңында студенттер баяндамашыларға сұрақтарын қойды. Мысалы: «Кімдерді бақылаушы ретінде жіберуге болады және оларды кім анықтайды?»; «Сайлау учаскесіндегі рұқсат етілетін мінез-құлық ережелері»; «кандидаттарды өзін-өзі ұсыну туралы» және басқа да практикалық мәселелер көтерілді.

 

Кездесу студенттер үшін пайдалы болып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Көптеген 1 курс студенттері үшін бұл сайлау мемлекетіміздің саяси өміріне қатысудың алғашқы тәжірибесі болайын деп тұр. Ең бастысы бұл олардың азаматтық ұстанымын орнықтыруға және нығайтуға және өз көзқарасын білдіруге үлкен мүмкіндік.