Баспасөз хабарламасы - "Азаматтардың сайлау құқықтарының конституциялық кепілдіктері"

20.10.2022

Көрулер: 782

 

«Адал сайлау үшін» штабының миссиясы аясында 2022 жылғы 20 қазанда сағат 15:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, студенттермен, магистранттармен, докторанттармен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу өтеді.
  • Кездесу тақырыбы: "Азаматтардың сайлау құқықтарының конституциялық кепілдіктері".

Кездесудің модераторы з.ғ.д., профессор, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі Алуа Ибраева болады.
Спикерлер: штаб мүшелері, белгілі заңгер ғалымдар Ермек Әбдірасұлов, Индира Әубәкірова, заң факультетінің деканы, з.ғ.д., профессор Дәулет Байдельдинов, профессор, з.ғ.д., Еркін Дүйсенов.

  • Кездесу Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы, ауд. 408 мекен-жайы бойынша өтеді.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі