З.ғ.д., профессор А. С. Ибраеваның мерейтойы

17.10.2022

Көрулер: 757

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев профессор, заң ғылымдарының докторы, білікті құқықтанушы ғалым Ибраева Алуа Саламатқызын 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

 

Ректор өз сөзінде «Отыз жылдан астам уақыт университеттің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында абыройлы қызмет атқарып келесіз.

Жастардың қамқоршысы болып, білімді шәкірттер тәрбиелеп, өзіндік ғылыми мектеп қалыптастырдыңыз. 18 ғылым кандидатын, төрт PhD докторын дайынап, 200-ден астам ғылыми еңбек жаздыңыз. Қазақстандағы «Мемлекет және құқық теориясы» пәнінен мемлекеттік тілдегі тұңғыш оқулықтың авторы атанып, 10 монография, 34 оқулық пен оқу-әдістемелік құрал, 4 заңгерлік терминологиялық сөздік шығаруға атсалыстыңыз. Құқықтану саласындағы мазмұнды еңбектеріңіз ғылыми ортада мойындалып, жоғары бағаланды.

 

Сіздің іргелі зерттеулеріңіз бен академиялық жетістіктеріңіз заңгерлерді дайындауда ғана емес, отандық құқықтық жүйені қалыптастыруда да ерекше орын алады», — деп жылы лебізін білдірді.

 

Заң факультетінің ұжымы Алуа Саламатқызын шын жүректен құттықтайды!