Академик С. С. Сартаевтың 95 жылдығына арналған тәрбие іс-шарасы

12.10.2022

Көрулер: 1025

 

12 қазан ҚазҰУ Заң факультетінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, көрнекті отандық саяси және қоғам қайраткері Сұлтан Сартайұлы Сартаевтың туғанына 95 жыл толуына орай 2 курс студенттерімен тәрбиелік іс-шара өткізілді.


Студенттер презентация дайындап, онда атақты қазақстандық ғалымның өмір жолы көрсетілді. Студенттер Академик Сартаевтың ғылыми еңбектерімен, оның құқықтық және саяси идеяларымен танысты.

  • Іс-шараны ұйымдастырушылар: мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушылары Сағынаев М.Е., Нусипова Л.Б. және профессор Калишева Н.Қ.