Заң факультетінің қызметкерлерін марапаттау

10.10.2022

Көрулер: 776

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Күніне арналған салтанатты отырыс өтті.


Университет қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Талғат Мекебаев заң факультетінің профессоры Дәулет Оразғалиұлы Рысқалиевке "Құрмет" медалін табыс етті.

 

 

Заң факультетінің кәсіподақ комитетінің мүшесі, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы Нусипова Лятифа Бағдатқызына кәсіподақ басшылығынан Алғыс хат табыс етілді.

 

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ ӘРІПТЕСТЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!