Профессор Е. Е. Дүйсеновтың көшбасшылық дәрісі

06.10.2022

Көрулер: 723

 

6 қазанда ҚазҰУ Заң факультетінде з.ғ.д., профессор Дүйсенов Еркін Эрманұлының көшбасшылық дәрісі өтті. Ол оқулықтың және Мемлекеттік қызмет бойынша көптеген оқу құралдарының, ҚР Мемлекеттік қызмет туралы заңға түсініктемелердің авторы.

 

Егемен Қазақстан үшін өзекті тақырыпқа арналған іс-шара барысында лектор мен тыңдаушылар арасында бірден сенімді диалог қалыптасты, Қазақстандықтардың жас ұрпағын толғандыратын көптеген сұрақтар қойылды, бұл студент жастардың Қазақстан Республикасының кәсіпқойларымен және ғылыми элитасымен осындай кездесулерін өткізудің маңыздылығы мен уақтылығын тағы да растайды.

 

Іс-шараның ұйымдастырушылары мен модераторлары "Әділ құқық" ғылыми қоғамдастығы, заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы - з.ғ.д., проф.Калишева Н. Х. болды.