Заң факультетінің магистранттарымен және докторанттарымен кездесу

13.09.2022

Көрулер: 949

 

13 қыркүйек, 2022 ж.
Әл –Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің деканы з.ғ.к., профессор Байдельдинов Д.Л. биылғы оқуға түскен магистранттармен және докторанттармен кездесу өткізді.

Биылғы жылғы заң факультетіне 5 докторант және 71 магистрант қабылданды. Қазіргі таңда факультетте келесідей 4 кафедра жұмыс жасайды:
1.Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы;
2.Азаматтық құқық және азматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы;
3.Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы;
4.Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы.

Жиынға осы аталған кафедралардың басшылары қатысты: з.ғ.к., профессор Ибраева А.С., з.ғ.к., профессор Тыныбеков С.Т., з.ғ.к., профессор Жатканбаева А.Е., доктор Phd, қосалқы профессор Жанибеков А.К.