Прокуратура өкілдерімен кездесу

09.06.2022

Көрулер: 1072

 

Бүгін, 2022 жылдың 9-шы маусымы күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде прокуратура органдарының өкілдерімен кездесу өткізілді.

 

Кездесуді өткізген Алматы қалалық прокуратурасының кадрларды дамыту тобы Басқармасының аға прокуроры Жакыпова Жанна Баяхметовна және Алматы қалалық прокуратурасының кадрларды дамыту тобының инспекторы Кунтукызы Айнур.

 

Кездесу барысында факультет түлектері құқық қорғау мен прокуратура органдарына жұмысқа шақырылды. Прокуратура өкілдері Нұр-Сұлтан қаласындағы құқық қорғау органдары Академиясына түсу тәртібін түсіндірді.