Заң факультеті түлектерінің Алматы қаласы полиция департаментінің басшысымен кездесуі

08.06.2022

Көрулер: 1036

 

2022 жылдың 8-ші маусым күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Даниярұлы Таймерденов факультеттің биылғы бітіруші түлектерімен кездесу өткізіп, факультет корпусының тыныс-тіршілігімен танысты.

 

Кездесу барысында бітіруші түлектер полиция департаментінің жұмысына өз қызығушылықтарын танытып, өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды және Қанат Даниярұлы болашақ кадрларды Ішкі істер органдары қатарына жұмысқа шақырды.