Лайықты марапатты табыстау

05.03.2022

Көрулер: 1191

 

 

2022 жылдың 5 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер Сарайында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара өтті!
Мереке барысында мерекелік концерт қойылып, онда көктем мерекесі туралы әсем әндер шырқалды.


Сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ж.Қ. Түймебаев университет оқытушылары мен қызметкерлерінің арасынан ең көрнекті әділ жыныс өкілдері марапатталды.
 
 
Заң ғылымдарының докторы, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры Баймаханова Дина Мұратқызын мемлекеттік сыйақысымен – «Ерен еңбегі үшін» медалімен құттықтаймыз!