ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЮ

13.11.2017

Көрулер: 4987

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 15 қабат, мәжіліс залында 2017 жылы 13 қараша күні Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы және «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» ШЖҚ РМК арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою шарасы өтті.

Шараның мақсаты – ғылым және білім саласындағы тығыз ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру мен кеңейту ниетін басшылыққа алып құқық қолдану практикасы және кадрлық әлеуетті арттыру саласындағы жұмысты жетілдіру бойынша жобаларды әзірлеу және іске асыру, ғылыми дамудың басым бағыттары бойынша, соның ішінде халықаралық жобалар мен гранттар шеңберінде бірлескен зерттеу жасау, инновациялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру.

Шараға қатысушылар:

Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы – Ректор

Тауекелов Аслан Бауыржанұлы – ҚР Бас прокурорының өкілі

Ғылым кеңес мүшелері

Заң факультетінің профессор-оқытушы құрамы

Сөз сөйлегендер:

Ректор Мұтанов Ғ.М.: Құрметті қатысушылар!!! ҚР Бас Прокуратурасының бастамасымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің арасында меморандумға қол қойылды. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, Республикамыздың Бас прокуроры Жақып Қажманұлы біріншіден біздің киелі қара шаңырағымыздың түлегі екенін айтқым келеді. Бұл шара екі жақты келісім, ғылым және білім саласындағы тығыз ынтымақтастықты одан әрі жетілдіруге өз септігін тигізеді деген ойдамын.

Заң факультетінің деканы Байдельдинов Д.Л.: Құрметті қатысушылар!!! 2017 жылы ҚР Бас Прокуроры Жақып Қажманұлы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтанұлының үшінші ресми кездесуінде, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті Алматы қалалық прокуратурасының базасында құқық қорғау органдарына қызмет көрсету орталығын ашуға өз көмегін көрсетуге уәде етіліп, оған қол жеткізілген болатын. Бүгінгі шара сол игі істердің жалғасы деп білемін.