Жаңалықтар

Кинологиялық орталыққа бару

05.10.2019

5 қазан 2019 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының 3 курс студенттері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кинологиялық орталығында болды. Болашақ заңгерлер алдында Алматы қ.ІІД Кинологиялық қызмет орталығының бастығы полиция подполковнигі Болгумбаева Анель сөз сөйледі. Экскурсия қызметтің пайда болу тарихы және қазіргі кинологтардың жұмысы туралы әңгімеден басталды. Осыдан кейін балаларды полигонды, жаттығу кешенін, серуендеуге арналған ауланы және ветеринарлық клиниканы қарауға шақырды.

Ары қарай оқу >>

"Культ здорового тела"жобасының негізінде футболдан жарыс

21.09.2019

2019 жылдың 21 қыркүйегінде заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының куратор-эдвайзері Ж. Р. Есламғалиевпен «Культ здорового тела» жобасының негізінде заң факультетінің 2 курс студенттері арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салты мен спортқа деген ұмтылысты қалыптастыру болып табылады.

Ары қарай оқу >>

Қоғамдық сананы және білім жүйесін жаңғырту жағдайында құқықтық пәндер бойынша оқу сабақтарын өткізудің әдіснамасы: дәстрүрлер мен инновациялар

11.09.2018

«Қоғамдық сананы және білім жүйесін жаңғырту жағдайында құқықтық пәндер бойынша оқу сабақтарын өткізудің әдіснамасы: дәстрүрлер мен инновациялар» атты заң факультетінің оқытушыларына арналған оқу-әдістемелік семинарға қатысуға шағырамыз.

Семинардың ұйымдастырушысы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінің деканаты мен әдістемелік бюросы.

Жауапты тұлғалар: з.ғ.д., профессор Ибраева А.С., з.ғ.к., доцент Сманова А.Б., з.ғ.к., доцент Мыңбатырова Н.Х., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушылары.

Өткізу уақыты: 18.09.2018 ж., сағат 15.00

Өткізу орны: заң факультеті, 302 аудитория.

Барлық қатысам деушілерді шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

Сот мәжілісі мен медиация оқу залы

05.02.2018

2018 жылдың 5 ақпанында сағат 12.00 – де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінде сот мәжілісі мен медиация оқу залына Алматы қалалық Сотының Төрағасы қызметін атқарған, Б.Сыртанов атындағы заң ғылымдары Академиясының премиясының лауреаты Ештай Ақжан Жайлауханұлының атын беру салтанаты өтті.

Ары қарай оқу >>