Жаңалықтар

Келе жатқан 8 наурыз көктем мерекесі!

28.02.2018

Биология және биотехнология факультеті келе жатқан 8 наурыз көктем мерекесімен құттықтайды! Сіздердің әрқашан әдемі әрі сүйікті, бақытты әрі көңілді, күш-қуатқа мол әрі оптимист бола берулеріңізге тілектеспіз!

Ары қарай оқу >>

«МҰЗБАЛАҚ АҚЫН - МҰҚАҒАЛИ»

09.02.2018

16 желтоқсан 2018 жылы сағат 14:00-де 16 аудиторияда «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Мұзбалақ ақын - Мұқағали» атты М.Мақатаевтың туған күніне арналған дөңгелек үстел өтті.

Ұйымдастырушылар: биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының кураторлары Чилдибаева А.Ж., Нурмаханова А.С.

Ары қарай оқу >>

«Мұқағалимен сырласу»

09.02.2018

2018 жылдың 9 ақпанында биофизика және биомедицина кафедрасының студенттері, куратор-эдвайзер: Қайрат Б.Қ., Үсіпбек Б.А. және Ережепова Н.Ш. қазақ поэзиясының патшасы, мұзбалақ ақын – Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған «Мұқағалимен сырласу» атты поэтикалық-композициялық кешті тамашалады.

Кеш Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының үлкен залында өтті. Кеш барысында ақын тағдыры мен шығармашылығына арналған «Мұқағалимен сырласу» атты театрландырылған поэтикалық композиция театрдың жас талантты актерлерінің орындауында көрермендерге жол тартты.

Театр актерларының шеберлігімен ажарлана түскен ақынның жырлары, әнмен әуелеген өлеңдері, күнделігі мен күнделікті өмірі көрермендерді тамсандырды. «Мұқағалимен сырласу» театрға келген әр көрерменнің жүрегіне поэзияға деген сүйіспеншілік сезімін оятқандығы хақ!

Ұйымдастырушы: куратор-эдвайзер Кайрат Б.К.

Ары қарай оқу >>

Ғажайып үштік

07.02.2018

«Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен «Ғажайып үштік» атты топ аралық сайыста 1 орын алғаны үшін БТ17-15  «Балмұздақтар» тобы марапатталды. Эдвайзері Жүнісжан А.Ж.

Ары қарай оқу >>

«Өнегелі өмір» сериясының «Ахмет Жұбанов» арналған кітаптың тұсау кесері

01.02.2018

2018 жылдың 1-ақпанында әлФараби атындағы кітапханада атақты композитор, Қазақстанның халық әртісі, ҚР ҰҒА академигі, өнертану ғылымының докторы, профессор Ахмет Қуанұлы Жұбановқа арналған "Өнегелі өмір" сериясының "Ахмет Жұбанов" атты кітаптың тұсау кесері өтті.  

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіздік тұғыры биікте

13.12.2017

Биотехнология кафедрасының куратор-эдвайзері Жүнісжан А.Ж. БТ17-15, БТ17-16 кураторлық топтарының ұймдастыруымен тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты іс-шара өткізілді.

Ары қарай оқу >>

БИОЛОГИЯЛЫҚ ЗООМҰРАЖАЙҒА САЯХАТ

08.12.2017

8 желтоқсан 2017 жылы биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының куратор-эдвайзері Чилдибаева Асел Жумагуловна ББ17-08К кураторлық тобының 1 курс студенттерімен биологиялық мұражайға саяхат жасады.

Ары қарай оқу >>