Жаңалықтар

«Салауатты өмір салтын ұстану» бағдарламасы аясында «Туберкулез профилактикасы» тақырыбында өткізген дискуссия

23.11.2017

23 қараша 2017 ж.  Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының оқытушылары мен «5В070100 - Биотехнология» мамандығының студенттері «Салауатты өмір салтын ұстану» бағдарламасы аясында «Туберкулез профилактикасы» тақырыбында дискуссиялық алаң  ұйымастырды.

Шараны өткізу мақсаты: диалогтық алаңда студенттерге салауатты өмір салтын дәріптеу, студенттерді туберкулезға қарсы жасалатын профилактикасы және оның алдын алу тәсілдерімен  таныстыру.

Диалогтық алаңда студенттер туберкулез аруына шалдығу факторлары және осы індеттің алдын алу және болдырмаудың кешенді профилактикалық шараларын қызу талқыға салды. Дискуссия барысында студенттер тақырыптың өзектілігі мен мәнін ашатын қызықты презентациялар жасады, баяндамаларда туберкулез профилактикасы, осы індеттің таралу көздері мен жолдары, аурудың алғашқы белгілері, індетті диагностикалау әдістері, инфекцияны емдеу принциптері туралы мәселелер жан - жақты талқыланды. Ортаға тасталған мәселені талдау соңында баяндамашылар  тыңдармандардан келесі сұрақтарға (қазіргі күннің туберкулез ауру түрінің қауіптілік дәрежесі қандай? әр бір адам өзінің жеке басының қауіпсіздігі үшін туберкулез туралы не білуі тиіс және одан қалай сақтанған жөн? осы індетті жұқтырудың негізгі белгілері қандай? профилактика шаралары қандай? т.б.) жауаптар алып, тақырыпты пысықтады. Дискуссияны қорытындылай келе, туберкулез -  емделетін ауру түрі, ал осы індетке шалдығып қалмас үшін салауатты өмір салтын ұстану керек деген  тұжырымдар жасады.

Өткізілген орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, жатақхана - 7,  өткізілетін уақыт: 15:00 сағ.

Ұйымдастырушы оқытушылар:

 

б.ғ.к., доцент Асрандина  С.Ш., х.ғ.д., профессор Шоинбекова  С.А., б.ғ.д., профессор  Атабаева С.Д., Биотехнология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к., доцент Кистаубаева А.С.

 

Ары қарай оқу >>

«Салауатты өмір салтын ұстану» бағдарламасы аясында «ЖИТБ - XXI ғасыр індеті» тақырыбында өткізген дискуссия

23.11.2017

23 қараша 2017 ж.  Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының оқытушылары мен «5В070100 - Биотехнология» мамандығының студенттері «Салауатты өмір салтын ұстану» бағдарламасы аясында «ЖИТБ - XXI ғасыр індеті» тақырыбында дискуссиялық алаң  ұйымастырды.

Ары қарай оқу >>

Биология мұражайына саяхат

20.11.2017

20 қараша сағат 16:00-де БТ 15-01 к және ББП 17-01 к тобының студенттерінің қатысуымен Биология мұражайының экспозияция залдарына экскурсия жасалды.

Экскурсия мақсаты: білім алушыларды Қазақстан Республикасының флора және фауна өкілдерінің алуантүрлілігімен таныстыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу, студенттердің биология саласындағы білімдерін кеңейту.

Ұйымдастырушы: куратор-эдвайзер: магистр, оқытушы Қайрат Б.Қ.

 

Ары қарай оқу >>

«Brain Ring» жарысы

18.11.2017

«Биотехнология» мамандығы 1 курс студенттері: Ли Андрей  және Хегай Ирина (куратор-эдвайзері Ш.А.Атамбаева) «Brain Ring» жарыста 5-ші орын алды (18.11.2017)!  Құттықтаймыз!

Ары қарай оқу >>

Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ЖАСТАР ТЕАТРЫНДА «АЙТЫЛМАҒАН МАХАББАТ» ҚОЙЫЛЫМЫН ТАМАШАЛАУ

15.11.2017

15 қараша 2017 жылы сағат 18.30-да РМҚК Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына ББ17-08К тобының 1 курс студенттері биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының куратор-эдвайзері А.Ж.Чилдибаевамен «Айтылмаған махаббат» қойылымын тамашалауға бардық. Қойылым бізге ұнады, жақсы көңіл-күймен рухани байып, демалып қайттық!

Ары қарай оқу >>

Дәрумендер- денсаулық кепілі!

14.11.2017

Биофизика және биомедицина кафедрасында 14 қараша 2017 ж. сағ. 15:00-де ББ15-02к тобының ұйымдастыруымен "Дәрумендер- денсаулық кепілі" атты ашық эдвайзерлік сағат өткізілді.

Ұйымдастырушылар: Аблайханова Н.Т., биофизика және биомедицина кафедрасының куратор-эдвайзерлері

 

Ары қарай оқу >>

«Отбасы – тәрбие бастауы»

27.10.2017

Биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасында 2016 жылы 27 қазан күні 214 аудиторияда 15.00 сағатта «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Ұйымдастырушы: Кулбаева М.С. «Биофизика және биомедицина проблемалары» студенттік үйірмесі

Ары қарай оқу >>

«Hawaiian Party» атты 1 курстарды студенттер қатарына қабылдау

14.10.2017

14 қазан 2017 жылы сағ. 19:00-де №7 жатақханада биофизика және биомедицина кафедрасының студенттерінің қатысуымен 1 курс студенттерін студенттер қатарына қабылдауға арналған салтанатты кеш өткізілді.

Іс-шараға 1 курс студенттері мен куратор-эдвайзер: Қайрат Б.Қ. қатысты.

Ары қарай оқу >>

"Адам биоплазмалық денесінің биофизика мәселелері"

06.10.2017

2017 жылдың 06 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биофизика және биомедицина кафедрасында шетелдік ғалымдардың қатысуымен "Адам биоплазмалық денесінің биофизика мәселелері" атты дөңгелек үстел өтті.

Ұйымдастырушы: Биофизика және биомедицина кафедрасының ұжымы

Ары қарай оқу >>