Жаңалықтар

Биотехнология кафедрасының ұстаздары Атакент алаңында өткізілген Халықаралық кәсіптік-бағыт бағдар беру көрмесіне қатысты

30.04.2019

2019 жыл сәуір айында биотехнология кафедрасының ұстаздары Атакент көрме алаңында өткізілген Халықаралық кәсіптік-бағыт бағдар беру жұмысына қатысып, жоғарғы сынып оқушыларының сұрақтарына жауап беріп, университетіміздің мамандықтары бойынша ақпараттар берді. Атакент алаңындағы жұмыс күні 3 күнге жалғасты. Осы күндер аралығында университетіміздің кәсіптік бағыт-бағдарға жауапты ұстаздары кезекшілікпен қатысты.

Авторлар: Ерназарова Г.И., Кистаубаева А.С., Тұрашева С.К., Нармұратова М.К.

Ары қарай оқу >>

«Биотехнолог» орталығына қош келдіңіз!

30.04.2019

Университет ректорымыз Ғалымқайыр Мұтанұлының қолдауымен ашылған «Биотехнолог» орталығы қарқынды жұмыс жасауда. Биотехнология кафедрасының профессор оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасының ЖОО–нан келіп түскен ұсынымдарды қабылдап оқытушылар мен тыңдаушылардың біліктілігін арттыруға үлес қосуда. Тыңдаушыларға қазіргі заманның талабына сәйкес, өсімдік клеткалары мен ұлпа культураларын in vitro жағдайында өсіру және өсімдіктердің клеткалық және гендік инженерия салалары, қамтитын ғылыми - теориялық және практикалық негіздерімен шебер-сыныптар мен арнайы курстар өткізілуде. Қазіргі таңда Ремпубликамыздың ЖОО атап айтқанда Жұбанов атындағы Актөбе өңірлік университеті, Алматы техникалық университеті, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Асфендияров атындағы медициналық университетінің ПОҚ және студенттер мен магистранттар орталықта біліктілігін ғылыми тұрғыдан шыңдады.

Авторлар: Ерназарова Г.И., Тұрашева С.К., Нармуратова М.К.

Ары қарай оқу >>

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде

27.04.2019

Министр Ситуациялық басқару орталығында, Технопаркте, Керемет СҚО, «Саналы Ұрпақ» жобасының кеңсесінде, ғылыми кітапхана, университеттің мұражайларында болып, университеттің ғылыми, оқу және инновациялық қызметімен танысты.

Технопарк пен биогаз станциясына барған кезінде, биотехнология кафедрасының студенттері өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұсынды, министр студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми жобалары мен әзірлемелерімен танысты.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің басшысы Күләш Шәмшидинова жоғары білім мен ғылымды одан әрі дамыту мәселелерін, сондай-ақ оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі қадамдарды талқылай келе, университеттің жетістіктері мен әлеуетін жоғары бағалады, студент жастарға оқуда табысты болуды және жоғары жетістіктерге жетуді тіледі.

@Кистаубаева А.С., @Мелдебекова А.А.

Ары қарай оқу >>

Қапшағай қаласының мектеп оқушыларына университетіміздің мамандықтары туралы кәсіптік бағыт-бағдар берілді

26.04.2019

Әл –Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биотехнология кафедрасының кәсіптік бағыт-бағдарға жауапты ұстаздары Қапшағай қаласының білім бөліміне қарасты 500-ге жуық мектеп оқушыларымен кездесіп, университетіміздің мамандықтары туралы бағыт бағдар берді. Оқушылардың басым көпшілігі биология мамандықтарын таңдаған екен.

Авторлар: Ерназарова Г.И., Кистаубаева А.С., Тұрашева С.К., Нармұратова М.К.

Ары қарай оқу >>

Әлия Ерназарова Алматы марафонын 21 километр қашықтықта жүгіріп шықты

22.04.2019

Биология және биотехнология факультетінің қызметкері Әлия Ерназарова Алматы марафонына қатысып, 21 километр (жарты марафон) қашықтықты 2 сағат 16 минутта жүгіріп шықты. Ол мұндай іс-шараларға қатысудың оң эмоциялар, эйфория және рахатқа бөлендіретінін айтып, барлық қызметкерлер мен студенттерді белсенді және салауатты өмір салтына шақырды.

Алматы марафоны тек қана Алматы мен Қазақстан азаматтары ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемнен келген адамдар қатысады. 2019 жылғы 21 сәуірде 17 мың адам қатысқан жетінші марафон болды.


Ары қарай оқу >>

Наурыз мерекесінде

13.04.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Биология және биотехнология фаультеті, биотехнология кафедрасының ұжымы университетімізде өткізілген Наурыз мерекесін атап өтті. Мереке күнінде қазақтың дәстүрлі тағамдары дастарқан көркін аша түсті. Жайқалған шуақты ауа райы барша жиналған қауымның көңіл күйін сәндей түсті.

Маркетинг және рекрутинг департаментінің басшысы Данара Қылышпекованың ұйымдастыруымен осы күні кәсіптік – бағыт бағдар жұмысын жүргіздік.  Ұйымдастырушылар қауымына алғысымызды білдіреміз.

Авторлар: Ерназарова Г.И., Тұрашева С.К., Нармұратова М.К., Мелдебекова А.А

Ары қарай оқу >>

Студенттер мен жас ғалымдарға арналған "Фараби Əлемі" халықаралық ғылыми конференциясы өтті

13.04.2019

2019 жыл сəуір айының 9-10 күндері əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология жəне битехнология факультетінде, студенттер мен жас ғалымдарға арналған "Фараби Əлемі" халықаралық ғылыми конференциясы болып өтті.

 Биология және биоалуантүрлілікті сақтаудың қазіргі заманауи мәселелері секциясы бойынша 118 тезис қабылданып, оның   ішінен 23 студенттің баяндамасы тыңдалды. Оның 5 тезисі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университетінен, 1 тезис Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінен, 1 тезис Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінен, 1 тезис ЖШС «Жалын» ғылыми-өндірістік-техникалық орталығынан», 5 тезис «Гидробиология және экология институты» мекемесінен, 2 тезис «Биология және өсімдіктер биотехнологиясы» Институтынан, 3 тезис ЖШС Қазақ Балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтынан, 3 тезис М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінен, 4 тезис Алматы технологиялық университетінен, 1 тезис Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясынан, 1 тезис «Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің» Медициналық колледжінен, 2 тезис Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінен, 2 тезис С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университетінен, 4 тезис С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінен, 6 тезис С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінен, 78 тезис аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінен қабылданды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-нің Жылы жайы

13.04.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Наурыз мейрамын атап өтті! Мереке барысында Билогия және биотехнология факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының басқаруымен өсірілген жылыжай өнімдерінен (құлпынай, қызанақ, қияр) наурыз мерекесіне келген қонақтар ауыз тиді.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>