Жаңалықтар

БІРІНШІ ОНЛАЙН ЕВРАЗИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДІК ИЫҰ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ!

24.06.2021

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының зоология пәнінің оқытушысы және докторанты, әрі Зоология институтының кіші ғылыми қызметкері Назерке Бижанова ИЫҰ (Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы) 4-ші Атқарушы Модельді конференциясына қатысты. ИЫҰ моделі лекциялар мен семинарларды, халықаралық симуляциялық конференцияны қамтыды және ресми жабылу рәсімімен аяқталды.

«Аймақтық даму мен қауіпсіздікке қол жеткізу үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы» тақырыбында өткен ИЫҰ 4-ші Атқарушы моделінің 5 күндік халықаралық симуляциялық конференциясына 30-дан астам елден 100-ден астам жас өкілдер қатысты. Әзербайжандағы ИЫҰ-ға мүше елдерден – Палестина, Пәкістан, Қазақстан, Марокко және Алжирдің елшілері, сондай-ақ ICYF Еуразиялық аймақтық орталығының (ICYF-ERC) бас директоры Эльмаддин Мехдиев мырза және Әзірбайжан Республикасының спорт саласы және жастар министрлігінің министр орынбасары Фархад Гаджиев мырза және басқа да көптеген халықаралық ғалымдар жобаның онлайн-дәрістері мен конференцияларына қатысып, ұлттық даму, халықаралық ынтымақтастық, тұрақты даму және экологиялық проблемалар сияқты маңызды мәселелерді талқылады. Дәрістер барысында Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов мырза Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы туралы айтты, біздің жылдар бойғы күш-жігеріміз туралы және біз қаншалықты алға жылжығанымызды, бүгінгі күнде прогресс пен орнықты даму дәуіріне елімізді айналдырғанымыз туралы сөйледі.

Жобаны ICYF-ERC Әзірбайжан Республикасы Жастар және спорт министрлігімен (https://icyf-erc.org/, https://www.facebook.com/icyferc/ және www.mys.gov.az) серіктестікте ұйымдастырды.

Назерке Бижанова және тағы бірнеше қатысушылар жобадағы белсенділіктері мен үздік көрсеткіштері үшін марапатталды.

ҚазҰУ-дың Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы және Биология және биотехнология факультеті әл-Фараби Назерке Бижанованы құттықтайды және болашақта жаңа табыстар тілейді!

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>

«Биология және биотехнологияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

26.05.2021

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2021 жылдың 27 мамырында өтетін биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлының 70 жас мерейтойына арналған «Биология және биотехнологияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға ШАҚЫРАМЫЗ!

 

Zoom платформасындағы онлайн-көрсетілімге қосылу сілтемесі

https://zoom.us/j/8079715940?pwd=aVI1bHM5SXdFUGJPN0wyaC80bDYrQT09 

Конференциясы идентификаторы: 807 971 5940

Құпия сан: 2727

Өткізілетін орны: Алматы қ., ҚазҰУ қалашығы, әл-Фараби кітапханасы, 1-конференция залы (408 ауд.)

Күні: 27 мамыр 2021 жыл

Басталуы: сағат 10:00-де (GMT +6, Алматы уақыты бойынша)

 

Ұйымдастыру комитеті

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

19.05.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, биология және биотехнология факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының 1-курс докторанты және оқытушысы Құсманғазинов Әділ Болатұлы ТМД жастары арасында өткен «Үздік жас ғалым - 2021» жобасына қатысқаны және өзінің қабілеті мен талантын көрсете білгені үшін Халықаралық «Genius» спорт, білім және ғылым орталығы ұйымдастырған «ХХІ ғасырдағы білім және ғылым» халықаралық конференцияда төсбелгімен және алғыс хатпен марапатталды. ТМД жас ғалымдары атты кітап жинаққа жас ғалымның өмірбаяны енді. Ғылыми жетекшісі биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі б.ғ.д., профессор Курманбаева Меруерт Сакеновна. Кафедраның атынан ғылыми жетекші мен жас ғалымды құттықтай отырып, тың шығармашылық ойлар мен биік кәсіби жетістіктер тілейміз!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Назерке Бижанованы құттықтаймыз!

18.05.2021

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының оқытушысы және 2 курс докторанты Бижанова Назерке Әлімқызы ТМД жастары арасындағы ең үздік жас ғалымдардың бірі атанды! Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін төсбелгімен марапатталды. «Үздік жас ғалым» жобасын Genius халықаралық спорт, білім және ғылым орталығы ұйымдастырды. Кафедра ұжымы Назерке Бижанованы жетістіктерімен құттықтайды және одан әрі дамуы мен табыстар тілейді!

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

16.05.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, биология және биотехнология факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының 1-курс докторанты Құсманғазинов Әділ Болатұлы ТМД елдері арасындағы ең үздік жас ғалымдардың бірі болдыХалықаралық «Genius» спорт, білім және ғылым орталығы ұйымдастырған «ХХІ ғасырдағы білім және ғылым» халықаралық онлайн конференция кезінде медальмен және алғыс хатпен марапатталды. Кафедраның атынан докторант ғалымды құттықтай отырып, тың шығармашылық ойлар мен биік кәсіби жетістіктер тілейміз!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Франция кинематографистерімен бірге Солтүстік Тянь-Шаньда өткізілген экспедициялар

16.05.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Зоология институты (ЗИ) және Алматы қорығы (АҚ) зерттеушілері қысқы мерзімде Іле және Күнгей Алатауында (Солтүстік Тянь-Шань) сирек кездесетін жыртқыш сүтқоректілерді зерттеу мақсатында далалық экскурсиялар өткізді. Оған қатысқан зерттеушілер: Назерке Бижанова, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының оқытушысы және докторанты, әрі Зоология институтының кіші ғылыми қызметкері; Алексей Грачев, Зоология институты Териология зертханасының меңгерушісі; Салторе Сапарбаев, Зоология институты және Алматы қорығының зерттеушісі, Сергей Беспалов және Максим Беспалов, Зоология институтының аға лаборанттары.

Олармен бірге экспедицияда кинорежиссер Артур Гал мен Стив Воушия қатысты, Қазақстанның жабайы табиғаты тақырыбы бойынша деректі фильмге зерттеушілерімізді және жабайы жануарларды түсірді. Зерттеушілеріміз фильмге берген сұхбаттарында Солтүстік Тянь-Шань тауларын мекендейтін сирек кездесетін жыртқыштар – қар барысы мен Түркістан сілеусіні туралы, сондай-ақ дәстүрлі далалық әдіс-тәсілдер мен фотоқақпандарды қолдану арқылы зерттеу тәсілдері туралы талқылады.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz 

 

Ары қарай оқу >>

«Биоалуантүрлілікті сақтау және тұрақты даму үшін табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану»

16.05.2021

23 сәуірде Нұр-Сұлтанда Астана Халықаралық университеті (АХУ) Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ғылым қызметкерлері күніне орай «Ғылым және білім» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді . Конференцияның ашылуында «Астана» Халықаралық университетінің президенті Ирсалиев Серік Азтайұлы сөз сөйледі. Содан кейін секциялар бойынша тезистер тыңдалды. 163 тезис 6 бөлімге бөлінді. «Биоалуантүрлілікті сақтау және тұрақты даму үшін табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану» секциясын конференция төрағасы: Ph.D., жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы Сейітқан Айнұр Сейітқанқызы, комиссия мүшелері, биология ғылымдарының докторы, профессор Мырзагалиева Анар Базаровна, г.ғ.к., Авезова Айман, б.ғ.к. Карипбаева Нурзия Шайкеновна жүргізді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің 3 курс студенттері 1 орынға ие болды: Жолдасбек Аяна, Ақболат Гаухар, Гусмаулемова Алуа, ғылыми жетекшісі: Оразов Айдын Ергалиевич. Материалдар соңғы біліктілік жұмысы (дипломдық жұмыс) аясында дайынды

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

«Биотехнология» мамандығының 4-курс студенті Нұрмахан Жандар Италияның Падуа университетіне «Фармацевтикалық биотехнология» мамандығы бойынша магистратураға қабылданды.

14.05.2021

Құттықтаймыз!!!

«Биотехнология» мамандығының 4 курс студенті Нұрмахан Жандар Әлайдарұлы Падуа қ. университетіне (Италия) «Фармацевтикалық биотехнология» мамандығы, магистратура бағдарламасына конкурс негізінде 2021/22 оқу жылына қабылданды (ғылыми жетекші Кайырманова Г.К.).

Admission Letter_NON-EU (Zhandar Nurmakhan).pdf

Ары қарай оқу >>

Назерке Бижанованы Rufford Small Grants жобасын аяқтаумен құттықтаймыз!

14.05.2021

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының 2 курс докторанты Назерке Бижанова «Солтүстік Тянь-Шаньның қазақстандық бөлігіндегі Түркістан сілеусінінің (Lynx lynx isabellina Blyth, 1847) популяциясы және сақтау жағдайы» тақырыбында жобаны аяқтады. Жобаны Раффорд Фонды (Rufford Foundation, Rufford Small Grants for Nature Conservation) қаржыландырды.

Зерттеу тобының мүшелері: Назерке Бижанова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің докторанты және Зоология институтының кіші ғылыми қызметкері, жоба жетекшісі; Алексей Грачев, Зоология институтының Териология бөлімінің меңгерушісі; Юрий Грачев, Зоология институтының жетекші ғылыми қызметкері; Салтөре Сапарбаев, Алматы қорығы мен Зоология институтының ғылыми қызметкері; Ерлик Байдавлетов, Зоология институтының және Іле-Балқаш табиғи қорығының ғылыми қызметкері; Сергей Беспалов пен Максим Беспалов, Зоология институтының аға лаборанттары.

Жобаның арқасында Еуразиялық сілеусіннің сирек кездесетін түр тармағын толығырақ зерттеуге мүмкіндік туды. Бұл зерттеулер Назерке Бижанованың «Солтүстік Тянь-Шань тауларында мекендейтін Түркістан сілеусінінің (Lynx lynx isabellina Blyth, 1847) таралуы мен таксономиялық орны» тақырыбындағы докторлық диссертациясының бөлігі болып табылады.

Ары қарай оқу >>

Шеффилд университетінің профессоры Базбек Давлетовтың «Созылмалы ауруды емдеуге арналған жаңа ботулин молекулалары» тақырыбындағы баяндамасына шақырамыз

07.05.2021

 

 

Құрметті студенттер, магистранттар, PhD докторанттар мен оқытушылар!

 

Биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасы сіздерді шетелдік ғалым Базбек Давлетовтің қатысуымен өтетін «Нейроғылымдардың заманауи мәселелері» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.

Шеффилд университетінің профессоры Базбек Давлетов "Novel botulinum molecules for treatment of chronic pain" тақырыбында баяндама жасайды. Сіз осы тақырып бойынша және жалпы нейробиология бойынша барлық сұрақтарыңызды қоя аласыз.

Базбек Давлетов-нейрондардың жұмыс істеуінің молекулалық механизмдері, қатерлі ісік биологиясы, ботулиндік нейротоксиндердің әсері, ауырсыну нейробиологиясы мәселелерінде беделді сарапшы ретінде халықаралық атаққа ие болған, әлемге әйгілі ғалым. Профессор Давлетов физиология және медицина бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, профессор Томас Судхофтың шәкірті, Англияның құрметті нейробиологы, Wellcome Trust Research Fellow беделді грантының иегері.

Профессор Давлетов Техас Университетінің Далластағы Оңтүстік-Батыс медициналық орталығында докторлық диссертациясын қорғады,15 жыл бойы Кембридж университетінің зертханасын басқарды, нейробиология саласындағы іргелі зерттеулермен айналысты.

Қазіргі уақытта профессор Базбек Давлетов Шеффилд университетінің (UK) биомедициналық ғылымдар бөлімін басқарады, онда биомолекулаларды жинау технологияларын, нейрондық белсенділік блокаторларын, созылмалы ауырсынуға қарсы дәрі-дәрмектерді, қатерлі ісікке қарсы биопрепараттарды әзірлейді. Базбек Давлетов жоғары жариялау белсенділігімен және дәйексөзділігімен ерекшеленеді (Хирша индексі - 43).

Уақыты: 11 мамыр 2021 ж., сағат 11:00 (GMT +6, Алматы уақыты бойынша), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Биология және биотехнология факультеті», БОҒ №6 корпус, 214 аудитория және онлайн (ZOOM)

Zoom конференциясына қосылу бойынша сілтеме:

https://zoom.us/j/8079715940?pwd=S0dka1RkK1AvY1F0UDdaWTlhSFlvUT09

Конференцияның идентификаторы: 807 971 5940

Кіру коды: 1515

 

Қатысуға барлық тілек білдірушілер шақырылады!

 

www.kaznu.kz  

Ары қарай оқу >>