"Логистика" мамандығы студенттерінің DAMU Logistics компаниясының қызметкерлерімен онлайн-кездесуі

12.02.2021

Көрулер: 1924

 

02/12/2021 «Бинес-технологиялар» кафедрасы DAMU Logistics қызметкерлерімен (http://dlg.kz/) бірлесіп Логистика мамандығының 1-4 курс студенттерімен онлайн кездесу өткізді. Онлайн-отырыста спикер, DAMU оқу орталығының кураторы, онлайн-жобаларды іске асыру жөніндегі менеджер А.Анишев мырза «Кешенді логистика: тауарлар импортынан оларды іске асыруға дейін» тақырыбында практикалық ақпаратпен бөлісті. Кездесудің басты мақсаты - «Логистика (салалар бойынша)» мамандығының 1-4 курс студенттерін кешенді логистика, жұмыспен қамту және практикалық оқыту, студенттердің практикалық дағдыларын қалыптастыру туралы толық ақпаратпен таныстыру.

 

Кездесу барысында менеджер Анишев А.Е. студенттерге кешенді логистика - бұл өзара байланысты қызметтердің, оның ішінде жоспарлау, ақпараттық қамтамасыз ету, материалдық, қаржылық ресурстарды басқару, тауарларды жылжыту, сақтау, өнімдерді сату, ілеспе құжаттама және т.б. қажетті дайындық сияқты әртүрлі операциялар кешенін қамтитын күрделі жүйе екенін түсіндірді.

 

Кездесу барысында DAMU Logistics (http://sklad.dlg.kz/) қоймасына онлайн-экскурсия өткізілді. Студенттерге алынған тауарларды алғаннан бастап оларды сатуға жібергенге дейінгі аралықта логистикалық операцияларды іс жүзінде жүзеге асыру процесі таныстырылды. Менеджер Анишев А.Е. студенттердің DAMU Logistics-те тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу, компания қызметкерлеріне қойылатын негізгі талаптар және т.б. қатысты сұрақтарына жауап берді.

 

Кездесуге «Логистика (салалар бойынша)» мамандығының 1, 2, 3, 4 курс студенттері және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.