Пандемия жағдайында бухгалтерлік есепті цифрландыру

25.01.2021

Көрулер: 1726

 

Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Қаржы және есеп" кафедрасы 2021 жылдың 25 қаңтарында "Пандемия жағдайында бухгалтерлік есепті цифрландыру" тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция өткізді.

 

Аталған іс-шараны ұйымдастыру э.ғ.д., кафедра профессорының м.а. Баймұханова Сария Баймұханқызының 70-жылдық мерейтойына орайластырылған және еліміздің жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға, сондай-ақ халықаралық деңгейде академиялық құрылымдар арасында тиімді пікір және озық идеялармен алмасуға бағытталған.

 

Конференцияға қатысуға отандық және шетелдік ғылыми-академиялық топтардың өкілдері шақырылды.

 

Спикерлер ретінде мерейтой иесінің ғалым-әріптестері, шәкірттері һәм курстастары сөз сөйледі, олар – Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университет, "МИФИ" ұлттық ғылыми-зерттеу ядролық университеті, Өзбекстанның бухгалтерлер мен аудиторлар қауымдастығы, Б. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян Университеті, Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті, Еуразиялық экономикалық университет, Тұран университеті, Нархоз Университеті мен Алматы Экономика және статистика академиясының өкілдері.

 

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша мақалалар жинағы шығарылады.

 

Ұйымдастыру комитеті:

Экономика және бизнес жоғары мектебінің "Қаржы және есеп" кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы: Сырлыбаева Н.Ш., Актуреева Э.А., Купенова Ж.Е., Кыздарбекова А.С., Абишева Д.Д.

 

Конференция барысының бейне-басылымы келесі сілтеме арқылы қолжетімді: https://youtu.be/wqDf8guO944