Қызыққа толы мех-мат

27.01.2017

Көрулер: 4693

Өнер де, әзіл де, ойын да, білім де бір арнаға тоғысқан бұл кеш- сайыс түрінде  болып  өтті. Әр кафедрадан  3 ұл, 2 қыз баладан тұратын 5 студент қатысты. Бұл сайысымызға төрелік етуге факультетіміздің деканы Бектемесов Мақтағали Әбдімажитұлымен бірге аға оқытушылар келді.  «Жүзден жүйрік,  мыңнан тұлпар шығады» демекші сайыста оза шапқан,  көрерменнің де, әділқазының да көңілінен шыға білген «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы кештің жеңімпазы аталды.  2 -орынды «Информатика кафедрасы », 3 -орынды «Механика кафедарсы» иеленді.   «Өмір-ойын, жығылған бар, жеңген бар» дегендей, барлығы топтарды жеңістерімен құттықтап, керемет көңіл-күймен тарасты.