Академик Шалтай Смагулов құмертіне 6-7 сыныптарға арналған математика олимпиадасы 1 тур.

27.11.2016

Көрулер: 5092

Олимпиаданың ашылу салтанатына Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультетінің деканы профессор Бектемесов М.А. және ғылым жөніндегі декан орынбасары доктор Phd Исахов А.А. қатысты. Олар қатысушыларды құттықтап, физика-математика ғылымдарының профессоры Шалтай Смагуловтың өмірі жайлы және артта қалған ғылыми мұрасы, қызықты кездесулері мен шетелдік сапарлары туралы әңгімеледі. ОДО басшысы доцент Кунгожин А.М. бұл ұлы адамның Қазақстандағы олимпиада қозғалысының гүлденуіне үлкен үлес қосқаны туралы айтып берді.

Механика-математика факультетінің бұрынғы деканы құрметіне өткізлген бұл олимпиада  600-ден астам студенттер жинаған ҚазҰУ механика математика факультетінің 1 және 2 курс студенттерінен құралған ғылыми-студенттік қоғам мүшелері арқасында орын алды.

Іріктеу кезең нәтижесі бойынша 5-6 сыныптар арасында 67 қатысушы 27 және одан көп ұпай, 7 сынып бойынша 60 қатысушы 21 және одан көп ұпай жинап келесі екінші турға өтті.

 

Академик Шалтай Смагулов құрметіне арналған олимпиаданың 2 туры 4 желтоқсанда өткізіледі.