«Қазақстан Республикасы мен Татарстан Республикасы арасындағы білім беру жүйесіндегі ынтымақтасу мүмкіндіктері» атты тақырыпта кездесу өтті.

2015 жылы 21 сәуір күні сағат 15.00 -17.00 аралығында шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы мен Татарстан Республикасы арасындағы білім беру жүйесіндегі ынтымақтасу мүмкіндіктері» тақырыбында Татарстан Республикасы, Қазан Федералды университеті, психология және білім беру институты, педагогика бөлімі, оқыту әдістемесі мен тәрбие беру кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаттары Ячина Надежда мен Габдрахманова Рашиданың өткізуімен кездесу өтті. Кездесуге факультет оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.

101 Қазан Федералды университеті өкілдерімен кездесу.

 

Басылым күні :  23.04.2015