Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетімен кездесу

04.12.2020 жылы әл-Фараби ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасы мен Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университеті, Қырғыз филологиясы факультеті, Түркітану және аударматану кафедрасы арасында алдағы уақытта білім беру саласында ортақ жұмыстарды жүзеге асыру бағыты бойынша алғашқы онлайн кездесу жүзеге асты. Кездесу барысында екі университеттің аталған факультеттері арасындағы болашақта атқарылатын ортақ білім беру бағдарламалары мен ғылыми жұмыстарды жүзеге асыруға байланысты жоспарлар талқыға салынды. Кездесуге Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университеті, Қырғыз филологиясы факультетінің деканы Б.А. Жайлообаев, Қырғыз филологиясы факультеті Түркітану және аударматану кафедрасының меңгерушісі Б. Элебесова, Шығыстану факультеті деканы Ы.М.Палтөре, Шығыстану факультеті деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөнінен орынбасары К.Т.Габдуллин және Түрксой кафедрасының меңгерушісі У.Т. Кыдырбаева қатысты. Сонымен қатар, қатысушылар унивеситеттердің қазіргі кездегі жетістіктері мен алдағы уақытта бағындыратын белестері турасында сөз қозғап, туыстас түркі елдерінің бірлігі мен ынтымақтастығының дамуына үлес қосатындығын білдірді.

(Қосымша ақпарат үшін қараңыз www.knu.kg)  

Басылым күні :  08.12.2020