“Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан жастары” атты дөңгелек үстел

Осы жылдың 28 қараша күні, елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында “Bilim orkenieti” ұлттық инновацилық-ғылыми зерттеу орталығы тарапынан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген “Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан жастары” атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға БҒМ Мемлекет тарихы институтының директорының орынбасары, ҚР Ұлттық Кеңесінің мүшесі , т.ғ.д. профессор Аяған Бүркітбай Ғелманұлы, “Bilim orkenieti” ұлттық инновацилық-ғылыми зерттеу орталығының директоры Сатылғанов Әзірет Барболұлы, “Nur-Otan” партиясы «Алматы» ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болысбек М.Ә., “Рухани жаңғыру” жобалық кеңсесінің директоры Жұманбекова А.А. және т.б. ҚР-ның дарынды жастары қатысты. Шара барысында Қазақстан Республикасы жастарының “Алтын кітап” иегерлері марапатталды. Алматы қаласынан аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультетінің 2 курс магистранты Андирова Алина Ережепбайқызы қатысып “ҚР Дарынды жастар Алтын төсбелгісімен” және Алғыс хатпен марапатталды.

Басылым күні :  29.11.2020