«Сыбайлас жемқорлықпен күрес» кураторлық сағаты

2020 жылдың 17 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының 4 курс студенттерімен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында онлайн форматында кураторлық сағат өтті.

Кураторлық сабақтың мақсаты сыбайлас жемқорлықпен күресу, оны болдырмау және студенттердің патриоттық сезімін ояндыру болып табылады.

Сабақта 4 курс студенттерінің куратор-эдвайзері А.Ж. Назарова «Сыбайлас жемқорлық және онымен күресу жолдары» тақырыбында қысқаша баяндама оқыды. Сонымен қатар, студенттерге тақырып төріңегінде сұрақтар қойылды. Студенттер де, сыбайлас жемқорлықтың елдің дамуына, экономикасына тигізіп жатқан кері әсерлеріне тоқтала отырып, онымен күресудің жолдары ұсынды.

Сабақ барысында болашақ жастардың қолында екенін және сол жастардың жемқорлыққа жол бермеуге міндетті екендерін сезінді. Сабақ өз деңгейінде өтіп, «Жемқорлыққа жол жоқ!» ұранымен аяқталды.

 

4 курс студенттерінің куратор-эдвайзері А.Ж. Назарова



Басылым күні :  17.11.2020