3 курс студенті Шахсанам Ниязхаджиева 1 орын иеленді.

Тамыз айында Қазақстандағы Юнус Эмре институтының ұйымдастыруымен 16 жастан асқан жастарға арналған "Туған жерім" атты түрік тілінде шығарма байқауы өткізілген. Байқау қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінің Түрксой бөлімінің 3 курс студенті, Анкара қаласында орналасқан «Millî Düşünce Merkezi Türk dünyası» орталығының редакторларының бірі Шахсанам Ниязхаджиева бірінші орынға ие болды. Шахсанам Ниязхаджиеваны құттықтаймыз!

Басылым күні :  08.09.2020