30 мамыр түлектер күні

2020 жылғы 30 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасында Түлектер күніне орай салтанатты шара өтілді.

 

Мерейтой жылының маңызды шараларының бірі жалпы университеттік мереке - ҚазҰУ түлектері күні. Университет дәстүрлерін сақтай және дамыта келе, сондай-ақ еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Түлектер күнін жаңа форматта-онлайн режимде өткізілді.

 

Салтанатты жиын онлайн түрде zoom платформасында болды. Мерекелік шара ректор, академик Ғ.М. Мұтановтың және       Түлектер қауымдастығының төрағасы Қайрат Әбдіразақұлы Мәмидің құттықтау сөзімен бастау алды.

Кафедра меңгерушісі У.Т.Қыдырбаеваның құттықтау сөзімен мерекелік шараны жалғастырып университет жетістіктерімен және «Тәлімгерлік: әркім ие бола алатын мүмкіндік» жобасымен таныстырды.

Түлектер күні мерекесінде факультет Бітірушілері Кеңесінің мүшесі, 1996 жылғы үздік түлек, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Шонғараева Лаура Уәлиқызының, кафедраның үздік түлегі, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, кафедраның қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Шадкам Зүбайданың құттықтау сөздерімен жалғасын тапты. Мерекенің жалғасында кафедра бітірушілері туралы видеороликті тамашалап, кафедраның 2000 жылғы үздік түлегі, Кахраманмараш колледжінің директоры, түркиялық азамат Бүниямин Сечилмиш пен (Кахраманмараш, Түркия) 2000 жылғы отбасылық үздік түлектері, «Ascetring» фирмасының басшысы Әли Нергиз пен Жазира Көкееваның, кафедраның 1998 жылғы үздік түлегі, Л.Н.Гумилев атындағы ҚазҰЕУ-нің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Бегімова Гүлжанның , кафедраның 2001 жылғы үздік түлегі, Алматы облысы Іле ауданы әкімшілігі мәдениет бөлімінің бөлім басшысы Аубакирова Ардақтың құттықтауымен құттықтауларымен және кафедраға деген сағыныштарымен бөлісті.

Түлектерге кәзіргі кафедра жетістіктері туралы слайд көрсетілімі болып мерекелік шара «Армандастар» әнімен аяқталып факультет түлектерінің кездесуімен жалғасын тапты.

Кафедрамыздың түлектерінің қызметтеріне табыс, сәттілік тілейміз!

Басылым күні :  30.05.2020