Түрксой кафедрасы Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастыруда

Түрксой кафедрасы Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастыруда

Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай жалғасын тауып жатқан Абай өлеңдерін оқу эстафетасын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасы 3-4 курс студенттері қабыл алып әр тілдерде Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастырды және 1-2 курс студенттеріне жолдады.

          Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультетінде “Қашықтан оқыту” кезінде де әр түрлі тәрбиелік жұмыстар жалғасын табуда. Осыған орай Түрксой кафедрасы 3-4 курс студенттері “Қазақ Қызы Мақтанышым” атты видеоролик дайындап, “Рухани жаңғыру” бағдарламасына өз үлестерін қосуда. 

Басылым күні :  17.04.2020