«5В021200 – Түркітану» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада

«5В021200 – Түркітану» мамандығы бойынша  Республикалық пәндік олимпиада

 

          Еліміздегі «Түркітану» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің тіл меңгеру деңгейін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың оқуға деген ынталары мен белсенділіктерін арттыру, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау көрсету сонымен қатар жоғарғы оқу-орындары арасындағы байланысты нығайта түсу мақсатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында, Шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен                2020 жылдың 27 наурыз күні еліміздегі жоғарғы оқу орындары арасында «5В021200 – Түркітану» мамандығы бойынша  Республикалық пәндік олимпиада  болып өтті.

Сайысқа еліміздегі жоғарғы оқу орындарында «Түркітану» мамандығы бойынша оқып жатқан 2-4 курс студенттері қатысты.

Орындалған тестілік және практикалық тапсырмаларды және қатысушылардың өзіндік жұмыстарын қарап, конкурстық комиссия шешіміен төмендегі студенттер марапатталды:

ҚР Білім және ғылым министрлігінің I дәрежелі Дипломымен

Құрманғалиева Аяулым.Әл-Фараби, Шығыс факультеті, ТҮРКСОЙ кафедрасы 4 курс студенті  марапатталды

 

  ҚР Білім және ғылым министрлігінің II дәрежелі дипломымен

 1. Диханбаева Айгул Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 4 курс студенті марапатталады.

2. Кудайбергенов Ерасыл Елдосұлы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 2 курс студенті марапатталады.

 ҚР Білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі дипломымен 

  1. Кипшакова Арайлым  Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 3 курс студенті марапатталды.
  2. Вахтимирова София. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2 курс студенті марапатталды
  3.  Нуриева Тамина р Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 3 курс студенті марапатталды.

 

 Студенттердің бұдан әрі талмай еңбек етіп көптеген жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз !

Басылым күні :  16.04.2020