«Өлмейтұғын артында сөз қалдырған»

«Өлмейтұғын артында сөз қалдырған»

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Түрксой кафедра меңгерушісінің оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э. Монтанай және кафедра оқытушысы Т.О. Есіркептің ұйымдастастыруымен Түрксой кафедрасының студенттерінің қатысуымен «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музыкалық іс шара өткізілді. Шарада студенттер ұлы ақынның өнегелі өмірімен тереңінен танысып, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттады. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек демекші шарада студенттер ақынның өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтып, баршамызды көркем сөйлеуге шақырды.

Іс-шара ұйымдастырушылары: Монтанай Э., Есіркеп Т.О.

Түрксой кафедрасының оқытушысы: Есіркеп Таңшолпан Октябрьқызы



Басылым күні :  11.03.2020