50-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы негізінде өткізген Селенай Балоглуның «Шетел тілін меңгертуде тыңдалым дағдысы» атты шеберлік сыныбы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде  «Білім беруді цифрландыру жағдайында әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты тақырыпта 50-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтіп жатыр. Осы шараға байланысты Түрксой кафедрасының оқытушылары «Шығыс тілдерін оқытудың ынталандыру механизмі» атты тақырыпқа шеберлік сыныптарын өткізді.  Олардың бірі Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Селенай Балоглуның «Шетел тілін меңгертуде тыңдалым дағдысы» (Yabancı Dil Olarak Türkçe Dinleme Öğretimi) атты шеберлік сыныбы өтті. С.Балоглуның пікірінше Баркер университеті өзінің студенттеріне жасаған тәжірибесі бойынша 53% тыңдалымға, 17% оқуға, 16% сөйлеу және 14% жазу дағдыларына көңіл бөлетініне анықталды. Осыған ұқсас тәжірибенің бірінде 2004-жылы ағылшын филолгы Робертсон 40%- тыңдалымға, 35% сөйлеу, 16% оқу және 9% жазу дағдыларына қолданған көрсеткіштерімен бөлісті.Сонымен қатар, Селенай ханым ЖОО студенттерінің шетел тілін тез үйрену әрі тіл деңгейін жетілдіру мақсатында өз ұстанымдары мен кеңестерімен әріптестерімен бөлісті. Шеберлік сыныбында Түрксой кафедра меңгерушісінің орынбасары Н.Абдукадыров, кафедра аға оқытушылары Г.Теменова, К.Жанатаева, А.Назарова, магистранттар мен докторанттары қатысты.

Жалпы, университетіміздің ұйымдастырған конференциясының негізгі мақсаты ЖОО педагогының құзыреттілік профилін қалыптастыру болып табылса, негізгі бағыттары – қазіргі жағдайдағы ЖОО түлегінің құзыреттілік моделі; білім беруді цифрландыру жағдайындағы ЖОО оқытушысының құзыреттілік профилі; ЖОО оқытушыларын оқыту және аттестаттау жүйесі; т.б. еді.

 

Кайранбаева Н.Н.

Абуова А.

Басылым күні :  12.02.2020