«ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымынан студенттерге шәкіртақы

2020 жылдың 27 қаңтар күні  Түрксой кафедрасының 1-3 курс студенттеріне «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымы  атынан шәкіртақы табыстау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсімінде «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының бас хатшысы Қасейінов Дүйсен Құрабайұлы атынан ұйымның  Қазақстан Республикасындағы өкілі   Асқар Тұрғанбай мырза  құттықтау сөз сөйлеп, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының 2015 жылдан бері ҚазҰУ-нің сенімді серіктесі болып табылатындығын және биылғы оқу жылында Түрксой кафедрасының үздік оқитын студенттеріне  жалпы  соммасы 1 млн. теңге көлемінде шәкіртақы ұсынды.

Қазіргі жаһандану заманында Түркі халықтарының бірлігі мен олардың арасында тарихи-мәдени сабақтастықтың дамуына сіңіріп жатқан еңбегі және университетпен ұдайы байланыста болып, студенттерді ынталандыру мақсатында арнайы шәкіртақы тағайындағаны үшін ҚазҰУ-нің ректоры академик Ғалымқайыр Мұтанұлы университет ұжымы атынан ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Қасейінов Дүйсен Құрабайұлына алғысын білдірді.

Шәкіртақыға ие болған білім алушылардың атынан 3-курс студенті Тойболды Айгерім сөз сөйлеп, «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының студенттерді ынталандыру мақсатына бағытталған осындай дәстүрлі игі істеріне және ҚазҰУ басшылығының  студенттердің сапалы білім алуына берген мүмкіндіктеріне алғыс айтып, болашақта ұстаздардың өздеріне артқан сенімін ақтап, жақсы маман иесі болатындығына сөз берді.

Студенттеріміздің білімі мен болашағына сенімді, білікті және бәсекелестікке қабілетті маман иелері болуларын тілейміз.  

 

Түрксой кафедрасы меңгерушісінің

 оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Монтанай Э.Ә.

 

 

Басылым күні :  29.01.2020