«Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан»

№14 студенттер үйінде

«Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан» атты кеш өтті.

 

16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні қарсаңында 13 желтоқсан 2019ж. сағат 18.00-19.00 Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының 3-4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен №14 студенттер үйінде «Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан» атты кеш өтті.

Кештің мақсаты тәуелсіздіктің 28- жылдық мерекесіне орай мерекелік шара ұйымдастыру арқылы аталарымыз аңсаған тәуелсіздігіміздің мазмұнының тереңдігінен сыр шерту; білім алушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін, өнерін дамыту;
өз елінің тарихын білуге, отанын сүюге, ұлтаралық достыққа, ерлікке баулу, патриоттық тәрбие беру болып табылады.

Кешке Түрксой кафедрасының меңгерушісі Қыдырбаева Үміт

Тұрсынбайқызы; Түрксой кафедрасы меңгерушісінің оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Монтанай; Түрксой кафедрасының куратор-эдвайзерлері: А.Ж. Назарова, Теменова және 1-4 курс студенттері қатысты.

Кеш барысында 3 курс студенті Тамина Нуреева «Қазақстанның кешегісі мен бүгіні» тақырыбында баяндама оқып слайд көрсетті. Сонымен қатар, 4 курс студенті Дилназ Төлегенова «Тәуелсіздік», 4 курс студенті Ақмарал Бақытжанова «Тәуелсіздіктің ақ таңы», 3 курс студенті Әйгерім Тойболды «Қазақ елі» патриоттық өлеңдерін оқыды. Және барлық студенттердің орындауында «Көк тудың желбірегені» әні шырқалды.

Кеш соңында Түрксой кафедрасының меңгерушісі Қыдырбаева Үміт

Тұрсынбайқызы; Түрксой кафедрасы меңгерушісінің оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Элмира Монтанай және аға оқытушылар А.Ж. Назарова, Г.Қ. Теменова студенттерді тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, алдағы келе жатқан сессияны жақсы тапсыруларына тілек білдірді.

 

Түрксой кафедрасының 3-4 курс студенттерінің

куратор-эдвайзерлері:А.Ж. Назарова, Г.Қ. Теменова

Басылым күні :  18.12.2019