«Жас қаламгерлер» кеші

 

10 желтоқсан 2019ж. сағат 18.00-де 546 аудиторияда Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының 3-4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы «Жас қаламгерлер» атты жыр кеші өтті. Кеш Түрксой кафедрасының 4 курс студенттерінің арасынан шыққан ақын қыздарымыздың шығармашылығына арналды.

Кештің мақсаты арамызда жүрген ақын қыздарымызды және олардың шығармашылығын 1-3 курс студенттеріне жақыннан таныстыру және оларға мотивация беру болып табылады.

Кешке Түрксой кафедрасының меңгерушісі Үміт Тұрсынбайқызы Қыдырбаева, Түрксой кафедрасы меңгерушісінің оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Элмира Монтанай, оқытушылар және 1-4 курс студенттері қатысты.

Кеш барысында ақын қыздарымыз: Бағлан Жұматай, Ажар Шералы, Айнара Сүлейменова және Іңкәр Мамекпаевалардың өмірбаяндарымен жақыннан таныстырылды. Бағлан Жұматай «Тәуелсіздік», «Бір саған арналады», «Алғашқы махаббат»; Айнара Сүлейменова «Глаза», «Дорога», «Я не верю, когда говорят»; Ажар Шералы «Интернаттық өмірдің бал дәмі», «Ғашық болдым», «Ана туралы», «Сезімімді аяқтайын», «Мен жастарға сенемін»; Іңкәр Мамекпаева «Я б хотела», «Спрячу»,«Не пытайтес спешить полббить», және т.б. тақырыптарда өлеңдер оқып, кеш қонақтарын жырмен сусындатты.

Кеш соңда ақын қыздарымызға оқытушылар және студенттер жылы лебіздерін білдіріп, шығармалық табыс тіледі. Сонымен қатар, кафедра меңгерушісі Үміт Тұрсынбайқызы факультет атынан алғыс хат табыстады.

 

 

Түрксой кафедрасының 3-4 курс студенттерінің

куратор-эдвайзерлері:А.Ж. Назарова, Г.Қ. Теменова

Басылым күні :  18.12.2019