Elsevier-дің онлайн семинарының ІІ-кезеңі өтті

Шығыстану факультетінде «Ғылыми мақаланы дайындау және оны жариялау үшін журналды дұрыс таңдау аясында Science Direct және Scopusты пайдалану» атты  

Elsevier-дің  онлайн семинарының ІІ-кезеңі өтті

 

     Үстіміздегі жылдың қараша айында Elsevier компаниясының Орта Азия мен Ирандағы өкілі және Скопус халықаралық деректемелер базасының маманы Өзге Гизем Сертдемир Түрксой кафедрасының оқытушыларына онлайн курсының ІІ кезеңін өткізді. Онлайн семинар Түрксой кафедрасының меңгерушісі Қыдырбаева Үміт Тұрсынбайқызы тарапынан ұйымдастырылды.  

       «Elseviеr» онлайн семинарының ІІ кезеңінде «Ғылыми мақаланы дайындау және оны жариялау үшін журналды дұрыс таңдау аясында Science Direct және Scopusты пайдалану» атты тақырыптағы презентация көпшілік назарына ұсынылды. Журналдарға мақалалар жариялау, мақала құрылымы, мақала жариялаудың негізгі кезеңдері, жарияланым мен журнал түрін дұрыс таңдау, Scopus дерекқорымен жұмыс істеу жолдары, Scopusтағы журналдың индекстелуі, автордың өз тақырыбы бойынша Scopusтағы журналды таңдай білуі, журналдың ғылыми метрикалық  көрсеткіші, Scopusтағы даралану және Scopusтағы мекеме профилі тақырыптары бойынша пайымды пікірлерімен бөлісті.

                                                                                                                    А. Халел

                                                                                                                    Э.З.Дулаева

Басылым күні :  12.11.2019