«Тіл білгірлері» зияткерлік ойыны.

«Тіл білгірлері» зияткерлік ойыны.

Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасының  1-курс студенттерінің куратор-эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен  №14 жатақханада 1-курс студенттерінің арасында «Тіл білгірлері» зияткерлік ойыны өткізілді. Ойын барысында студенттер арасында 4 тілде: қазақша, ағылшынша, орысша, түрікше тілдерінде 2 кезеңнен құралған сайыс өткізілді. Ойынға «Дениз, Йылдызлар, Чичеклер» топтары қатысты. Сайыс нәтижесі бойынша «Дениз» тобы I орынды, «Йылдызлар» тобы II орынды, «Чичеклер» тобы III орынды иеленді. Өткізілген шараның нәтижесі бойынша студенттерге ой өрісін, тіл байлығын дамыту арқылы шапшаң ойлауды, ойын жинақтап жеткізе білуді үйреттік деп айта аламыз. Алдағы уақытта осы секілді  студенттерді ұйымшылдыққа, адамгершілікке жетелейтін іс шараларды ұйымдастыруды жоспарлаудамыз.

Іс-шара ұйымдастырушылары: Монтанай Э., Есіркеп Т.О., Сұлтанбаева Н.Д.

Түрксой кафедрасының оқытушысы: Есіркеп Таңшолпан Октябрьқызы

Басылым күні :  12.11.2019