IV Түркі әлемі кинофестивалі

IV Түркі әлемі кинофестивалі

 

      2019 жылдың 16-18 қазан айында Түркі әлемі деректі фильмдерінің IV Халықаралық фестивалінің қазақстандық бағдарламасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтті. Шараға мұрындық болған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Түркі әлемі журналистері федерациясы.  Фестивалдің ашылу салтанатына қазақ кино әлемінің абызы Асанәлі Әшімов, Түркі әлемі журналистер федерациясының президенті Мендерес Демир, режиссерлар, шетелдік қонақтар, қоғам және ақпарат құралдарының өкілдері және студенттер қатысты. 

Кинофестивалге Түркия, Қазақстан, Қырғызыстан, Түркіменстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Кипр, Македония, Босня, Герцеговения және Мажарстан елдерінің үздік туындылары қатысқан. Фестивалдің мақсаты  және «Істе бірлік 9 ел, 9 қала, 1 фестиваль» деп аталуының себебі де, фестивальдің  9 мемлекеттің 9 қаласында түркі әлемінің үздік деректі фильмдерін көрсету.

Үш күнге созылған шараға Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының студенттері де қатысып, түркі тілдерінде түсірілген деректі фильмдерді тамашалады. Деректі фильмдер әлеуметтік, мәдени, рухани және қоғамдық маңызды тақырыптар мен жастар тәрбиесін қамтыған.

 

Түрксой кафедрасының

аға оқытушысы: А.Ж. Назарова

Басылым күні :  28.10.2019