SCOPUS халықаралық деректер мамандарымен онлайн курсы

SCOPUS халықаралық деректер мамандарымен онлайн курсы

 

10.10.2019 күні дүние жүзінде ірі ғылыми баспалардың бірі саналған Elsevier компаниясының Орта Азия мен Ирандағы өкілі және Скопус халықаралық деректемелер базасының маманы Өзге Гизем Сертдемир Түрксой кафедрасының оқытушыларына онлайн курс өткізді. Кафедра оқытушылары Өзге Гизем Сертдемир ханыммен 19-20 қыркүйек күндері университетімізде өткен «QS WORLDWIDE 2019» атты халықаралық шара кезінде танысып, сол уақыттан бері бірге байланыстар жүргізіп келеді. Курс онлайн түрінде кафедра меңгерушісі Ү.Т. Қыдырбаева тарапынан ұйымдастырылды. Курстың мақсаты: Скопус халықаралық деректемелер базасына тіркелген басылымдарда ғылыми мақалалар жариялау үлгісі, журналдардың деңгейін көрсету және Скопус базасымен жұмыс істеуді үйрету болды.  

Кафедра оқытушылары онлайн курсқа қатысып, өздерінің ойларымен бөлісті. Маман Өзге Гизем Сертдемир қазіргі кезде мақала жариялауға қойылатын талаптар мен оларды орындаудың жолдарымен таныстырды, журналдардың бағыттарын көрсетті және баспалардың жұмыс қызметі мен шарттарын сипаттады. Кафедра оқытушылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзара пікір алмасты. Маман Скопус базасының қазіргі кездегі қызметі мен ролін сипаттай отырып оның университеттің халықаралық деңгейдегі орнын көтерудегі ықпалының жоғары екендігіне ерекше тоқталды.

Абдукадыров Н.


Басылым күні :  18.10.2019