«Қазақстан халқының тілдері күніне» орай қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде “эссе” байқауы
Жылда 9 – 14 қыркүйек күндерінде елімізде «Қазақстан халқының тілдері күні» аталып өтеді. Осы мерекеге орай Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасы 2019 ж. 13-қыркүйек күні студенттермен мерекені атап өтті. Мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шарада 1-курс студенттері арасында үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде “эссе” байқауы өткізілді. Эссе байқауы бойынша I орынды Шетел филологиясы мамандығының студенті Қалмен Майя, II орынды Түркітану мамандығының студенті Бейсенқұл Мерей, III орынды Шетел филологиясы мамандығының студенті Құлахметова Жанерке иемденді.
Түрксой каф. оқу ісі және тәрбие жөнінде орын. Монтанай Э.Ә.
Түрксой кафедрасының оқытушы Есіркеп Т.О.
Басылым күні : 10.10.2019