ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен «Үш арыс» альбомының тұсаукесері

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен «Үш арыс» альбомының тұсаукесері 

9 қазан 2019 жылы сағат 15.00 де ҚР Ұлттық кітапхансының Н. Дәулетова атындағы залында қазақ әдебиетінің классигі, ақын Ілияс Жансүгіровтың туғанына 125 жыл толуына орай әдеби кеш және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бастамасымен жарық көрген «Үш арыс» кітап-альбомының тұсаукесер рәсімі өтті.

         «Үш арыс» альбомы бір жылда (1894) дүниеге келіп, бір жылда (1938) Сталиндік қуғын-сүргін құрбаны болған қазақ әдебиетінің үш тірегі С.Сейфуллин, Б.Майлин және І. Жансүгіровтің әдеби мұрасына арналған.

            Альбом-кітапқа аталған ақындар мен жазушылардың әдеби шығармаларына негізделген өткен ғасырдағы және қазіргі отандық танымал қыл қалам шеберлерінің көркем туындылары енген. Бұл жобаның мақсаты - қалам шеберлерінің әдеби мұрасын тану, көрнекті ақын-жазушылардың әдеби шығармаларын оқырмандарға көркем сурет өнері арқылы жеткізу.

         Шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан І. Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

         Шараға «Үш арыс» кітап-альбомына демеушілік танытқан С.Сейфуллиннің туыстары, Б.Майлин және І. Жансүгіров туыстары , сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен әдебиет сүйер қауым қатысты.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Түрксой кафедрасы

Жанатева Г.

 


Басылым күні :  10.10.2019