QS World Wide халықаралық форумы ҚазҰУ-да

ҚазҰУ-да «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» QS World Wide халықаралық форумы басталды. Конференцияға АҚШ, Оңтүстік Корея, Германия, Финляндия, Канада, Дания, Ресей, Қазақстан, Өзбекстаннан келген 130-дан астам ғалымдар мен жетекші сарапшылар мен жобалау институттары мен басқа да ұйымдар қатысты.

   «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» атты World Wide халықаралық форумына Анкара университетінен келген докторы, профессор Сибел Сүзен және PhD докторы Ертан Гөкмен, Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасының студенттері, халықаралық форумның негізгі бағыттары ретінде тіл мен әдебиетті зерттеу, тілді оқытудың жаңашыл әдістемесі, медиадискурс және тіл мәдениеті мәселелері мен ойларын бөлісіп ғылыми-тәжірибелік негіздерін cұрап, студенттер саласындағы ғылыми ізденістерін ортаға салып сұқпаттасып қайтты. Ғалымдар студенттердің көкейкесті сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Форум ұйымдастырушылары келген қонақтарға алғыстарын білдіріп, сыйлықтар табыстады.

Аға оқытушы Халел Ақнұр

 


Басылым күні :  20.09.2019